Бюллетень

Transparency

Accountability

Justice

Сіз осындасыз: Home » kz » Біз туралы » Сорос-Қазақстан Қоры

Сорос-Қазақстан Қоры

Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) - Қазақстан Республикасында демократияландыруға және азаматтық қоғамды дамытуға ықпалдастық жасап жатқан үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы. СҚҚ өз қызметін 1995 жылдың қыркүйегінде бастады.

 

СҚҚ‑ны әлемдік ауқымдағы қаржыгер әрі филантроп Джордж Сорос негізін қалаған «Ашық Қоғам» Институты құрған. СҚҚ бүкіл дүние жүзінде 60-тан астам елде қызмет етіп жатқан Соростың ұлттық қорлары халықаралық желісінің бір бөлігі болып табылады. Қазақстанда қызметін бастаған кезден осы күнге дейін СҚҚ Республикада ашық қоғамды дамытуға ықпалдасуға 50 млн. АҚШ долларынан астам грант қаражатын бөлген болатын.

 

Миссиясы

Сорос-Қазақстан Қоры үкіметтік емес ұйымдардың, билік органдарының және бизнестің арасында әріптестікті дамыту жолымен толерантты, белсенді қоғамға және жауапкершілігі мол, ашық үкіметке қарай алға басу саласындағы қызметке қолдау көрсетіп келеді.

 

Мақсаттары

  • Бюджеттің ашықтығын және есеп беруді қамтамасыз ету, бюджетті басқаруға жұртшылықты қатыстыру
  • Адам құқытарының мемлекеттік заңнамамен қорғалуын және осындай заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету
  • Белсенді қоғамдық талқылауға және қоғамдық сабырлыққа қолдау көрсету

 

2010 - 2011 жылдардағы басымдықтары:

СҚҚ екі жылдық стратегия шеңберінде қызмет етеді. 2010 - 2011 жылдардағы басымдықты бағыттары мынадай:

  • Мемлекет қаржысының жауапкершілікпен және ашықтықпен басқарылуын қамтамасыз ету және азаматтық қоғамның, билік пен бизнестің арасында әріптестікті дамыту арқылы өндіруші өнеркәсіптен түсетін табыстың Қазақстанның тұрақты әлеуметтік‑экономикалық дамуына трансформациялануына ықпалдасу.
  • Заң үстемдігін дамытуда ықпалдастық жасау және ұлттық заңнаманың адам құқықтарын қорғау және сот төрелігін атқару саласында халықаралық стандарттарға неғұрлым сай болуын қамтамасыз ету.
  • Елде сөз бостандығы қағидаларын алға жылжыту жолымен ақпаратқа бірдей қол жеткізуді, ой‑пікірін еркін білдіру құқығын қамтамасыз ету.
  • Қазақстанның жастарын елдің қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысуға ынталандыру

 

Байланыс ақпараты

Сорос - Қазақстан Қоры

Қазақстан, 050000, Алматы, Желтоқсан көшесі,111a, 9-оф.

Тел.: +7 727 258 89 83

Факс: +7 727 250 38 14

Э-пошта: sfk(at)soros.kz

www.soros.kz

www.krw.kz

www.budget.kz




«Сорос-Қазақстан Қоры» бетінен қосымша мақалалар қараңыз

baner baner baner baner