Бюллетень

Transparency

Accountability

Justice

Сіз осындасыз: Home » kz » Бағдарламалар » Мемлекеттік қаржының ашықтығы

Мемлекеттік қаржының ашықтығы

 

Миссиясы

Мемлекет қаржысының жауапкершілікпен және ашықтықпен басқарылуын қамтамасыз ету және азаматтық қоғамның, билік пен бизнестің арасында әріптестікті дамыту арқылы өндіруші өнеркәсіптен түсетін табыстың Қазақстанның тұрақты әлеуметтік‑экономикалық дамуына трансформациялануына ықпалдасу.

 

Мақсаттары

  • Аймақтардың тұрақтылықпен дамуына бағытталған бағдарламалар шеңберінде биліктің, өндіретін компаниялардың және азаматтық қоғамның арасындағы әріптестікті дамыту
  • Қазақстан Республикасы жасасқан және жасасатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім‑шарттар туралы ақпараттың ашықтығын арттыру
  • Қазақстандағы Өндіріуші өнеркәсіптің ашықтығы бастамасының (EITI) іске асырылуын қолдау
  • Мемлекет қаржысын басқарудың айқындығын және есеп беруін арттыру
  • Тұрақтылықпен әлеуметтік‑экономикалық даму мақсатын көздейтін мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру бойынша ҮЕҰ -дар мен Қазақстанның Үкіметі арасында әріптестікті дамыту
  • Мемлекеттік қаржы мониторингіне қатысатын ҮЕҰ‑дарда озық басқару стандарттарын ендіру.

 

Қызметінің бағыттары

Бағдарлама аясында жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім‑шарттар мен лицензиялардан бастап әлеуметтік‑экономикалық даму бағдарламаларын іске асыруға арналған бюджет шығыстарына дейінгі өндіріуші өнеркәсіптен түсетін табысты қалыптастыру мен пайдаланудың бүкіл тізбегінің бойында ашықтық пен есеп берушілікті арттыру мақсатын көздейтін кешенді жобалар іске асырылады.

 

2010 жылдағы басымдықтары

  • Үкіметтің, өндіріуші компаниялардың және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен келісім‑шарттардың құпиялығы талабынан бас тартудың мүмкіндігі туралы пікірталас ұйымдастыру.
  • Стандарт ретінде бюджеттің айқындығы индексін (OBI) пайдалану арқылы Қазақстанда бюджеттік процестің айқындығы мен ашықтығын арттыру.
  • «Азаматтық бюджеттерді», яғни мемлекеттік бюджеттің негізгі көрсеткіштерін қысқаша әрі жұртшылыққа түсінікті етіп баяндауды дайындау және жариялау практикасын енгізу.
  • Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне тәуелсіз мониторингті жүзеге асыру.
  • Мемлекеттік қаржыны басқару мәселелерін көтеретін қазақстандық журналистердің және ашықтық пен есеп берушірілікті арттыру жөніндегі қызметке қатысатын ҮЕҰ‑дардың біліктілігін арттыру.
  • Валидациядан өткеннен кейінгі кезеңде Өндіріуші өнеркәсіптің ашықтығы бастамасының (EITI) эволюциясына септесу, EITI мандатын кеңейту; Қазақстанның EITI стандарттарына сай келетін ел мәртебесін алуына септесу.

 

Конкурстан тыс гранттарға өтінімдер

Жеке тұлғалар гранттары өтінім формаларын МЫНА жерден ала аласыз


Заңды тұлғалар гранттары өтінім формаларын МЫНА жерден ала аласыз


Сапар гранттары өтінім формаларын МЫНА жерден ала аласыз  

 

Байланыс ақпараты

«Мемлекеттік қаржының ашықтығы» бағдарламасының жұмысы туралы мәселелер бойынша бағдарлама директоры Антон Артемьевке хабарласуыңызға болады.

 

Қазақстан, 050000 Алматы, Желтоқсан көшесі, 111a, 9-оф.

Тел.: +7 727 250 38 11, 258 89 83 (ішкі104)
Факс: +7 727 250 38 14
Э-пошта: pft(at)soros.kz

www.soros.kz
www.krw.kz
www.budget.kz


baner baner baner baner