Бюллетень

Transparency

Accountability

Justice

Сіз осындасыз: Home » kz » Бағдарламалар » Құқықтық реформа

Құқықтық реформа

Миссиясы

Заң үстемдігін дамытуда ықпалдастық жасау және ұлттық заңнаманың адам құқықтарын қорғау және сот төрелігін атқару саласында халықаралық стандарттарға неғұрлым сай болуын қамтамасыз ету.

 

Мақсаттары

  • Ұлттық заңнаманы жетілдіру және оны азаматтық‑саяси және әлеуметтік‑экономикалық құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық стандарттармен және адам өлшемі саласындағы ЕҚЫҰ стандарттарымен сәйкестендіру мақсатында үкімет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогқа ықпалдасу.
  • Толеранттықты және әртүрлі азшылықтарды алаламауды нығайту бойынша үкіметтің және азаматтық қоғамның арасындағы әріптестікті дамыту
  • ҚР‑ның ЕЫҚҰ‑ға төрағалық етуін баяндауға бағытталған азаматтық қоғам тарапынан болған бастамаларды қолдау

 

Қызметінің бағыттары

1.       Ақпаратқа қол жеткізу

2.       Бейтарап және әділ сотқа қол жетуін қамтамасыз ету

3.       Бейбіт жиналыстар мен қауымдастықтар еркіндігі

4.       Әкімшілік әділет және әкімшілік жауапкершілік

5.       Адвокаси бастамасы

6.       Денсаулықты қорғау және медициналық қызметтерге қол жеткізу құқығын ынталандыру

7.       Паллиативті көмек

8.       Толеранттық және алаламау қағидаларын алға жылжыту

9.       Білім алуға бірдей қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету

10.   Менталдық денсаулық

 

2010 жылдағы басымдықтары

  • Заңнаманы реформалауға ықпалдасу - Ақпаратқа қол жеткізу, әкімшілік әділет, қоғамдастықтар мен бейбіт жиналыстарға құқық саласында заң жобаларын, сондай‑ақ халықаралық стандарттарға сәйкес тегін заңгерлік көмек ұсыну моделдерін, паллиативті көмек тұжырымдамасын әзірлеуде және қабылдауда ықпалдастық жасау.
  • Құқық қорғау қызметіне қолдау көрсету - Азаматтық қоғамның адвокаси-бастамаларын қолдау.
  • Әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарға қолдау көрсету - Әлеуметтік‑экономикалық әділдік пен теңдікке жетуге бағытталған жобалар блогы.

 

Конкурстан тыс гранттарға өтінімдер

Жеке тұлғалар гранттары өтінім формаларын МЫНА жерден ала аласыз

Заңды тұлғалар гранттары өтінім формаларын МЫНА жерден ала аласыз

Сапар гранттары өтінім формаларын МЫНА жерден ала аласыз

 

Байланыс ақпараты

Жарияланымдарға, жоспарланған іс‑шаралар туралы хабарламаларға қол жеткізу жөніндегі мәселелер бойынша және «Құқықтық реформа» бағдарламасына қатысты басқа сұрақтар бойынша «Құқықтық реформа» бағдарламасының директоры Аида Айдарқұловаға хабарласыңыз.

 

Қазақстан, 050000 Алматы, Желтоқсан көшесі, 111a, 9-оф.

Тел.: +7 727 258 89 83

Факс: +7 727 250 38 14

Э-пошта: lrp(at)soros.kz

www.soros.kz
www.krw.kz
www.budget.kz


baner baner baner baner