Бюллетень

Transparency

Accountability

Justice

Сіз осындасыз: Home » kz » Біз туралы » Сорос Қорлары » Сорос Қорларының желісі туралы

Сорос Қорларының желісі туралы

Бас офисі Нью-Йоркте орналасқан Ашық Қоғам Институты гранттар бөлетін және Сорос Қорларының желісіне қызмет көрсететін жеке меншік қор болып табылады. Бұл желіс әлемнің  50 ден астам елінде жұмыс істейтін тәуелсіз қорлар мен ұйымдар тобы болып келеді, ол ашық қоғам идеяларын алға жылжыту және білім беру, БАҚ, қоғамдық денсаулық сақтау, адам құқықтары саласында, әйелдерге арналған бағдарламаларға, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық реформа саласындағы жобаларға қолдау көрсету мақсатымен әр түрлі бастамалардың дамуын қамтамасыз етеді. Жаһанданудың жағымсыз салдарын мейлінше азайту және төмендету үшін Сорос Қорларының Желісі үкіметтік емес басқа ұйымдармен, сондай ақ мемлекеттік құрылымдармен және халықаралық институциялармен ынтымақтастықты белсендіру арқылы жаһандық ашық қоғам идеясының дамуын ынталандыруға ұмтылады. Ашық Қоғам Институтын 1993 жылы әйгілі инвестор әрі филантроп Джордж Сорос Орталық, Шығыс Еуропадағы және посткеңестік кеңістік елдеріндегі өзінің қорларына қолдау көрсету үшін құрған болатын. Бұл қорлар 1984 жылдан бастап транзитті кезеңде бұрынғы коммунистік блок елдеріне тоталитарлық режимнен демократияға өтуіне көмектесу үшін құрыла бастады. Сол кезден бастап бұл желістің географиялық ауқымы кеңейіп, қазіргі уақытта оның бастамаларына Африка, Орталық Азия мен Кавказ, Гаити, Латын Америкасы, Моңғолия, Оңтүстік Шығыс Азия, Түркия мен АҚШ тағы тиісті Қорлардың іс қимылы кіреді. Ашық Қоғам Институты сондай ақ әлемдік кеңістіктің басқа бөліктеріндегі жеке алынған кейбір басқа бағдарламаларға да қолдау көрсетеді. Сорос Қорының әлемдік желісіне кіретін ұлттық қорлар туралы неғұрлым егжей тегжейлі ақпаратты Сіз төменде таба аласыз.


Ашық Қоғам Институтының Жәрдем Қоры  - Әзірбайжан


Ашық Қоғам Институты - Албания

Ашық Қоғам Институтының Жәрдем Қоры   Армения

Ашық Қоғам Институтының Жәрдем Қоры  - Болгария


Ашық Қоғам Қоры - Босния мен Герцеговина


Ашық Қоғам Институты - Братислава (Словакия)


Сорос Қоры  - Венгрия


Fondation Connaissance et Liberte (Гаити)

Сорос Қоры - Гватемала

Ашық Қоғам Қоры  - Грузия

Ашық Қоғам Бастамасы - Батыс Африка

Сорос - Қазақстан Қоры

Ашық Қоғам Қоры  - Косово

Сорос Қоры - Латвия

Ашық Қоғам Институты Қоры  - Литва

Ашық Қоғам Институты  - Македония

Сорос Қоры - Молдова


Ашық Қоғам Қоры  - Моңғолия

Ашық Қоғам Институты  - Монтенегро

Стефан Батори Қоры (Польша)

Ашық Қоғам Институты  - Ресей

Ашық Қоғам Қоры - Румыния


Ашық Қоғам Қоры - Сербия

Ашық Қоғам Институтының Жәрдем Қоры  - Тәжікстан


Ашық Қоғам Институтының Жәрдем Қоры  - Түркия

Халықаралық Қайта өрлеу Қоры   Украина


Ашық Қоғам Институты - Хорватия


Ашық Қоғам Қоры - Прага (Чех Республикасы)

Ашық Эстония Қоры

Ашық Қоғам Қоры - ОАР


Ашық Қоғам Бастамасы  - Оңтүстік Африка


baner baner baner baner