Бюллетень

Transparency

Accountability

Justice

Сіз осындасыз: Home » kz » Гранттар » Гранттарды бөлу ережелері » ГРАНТТАР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ

ГРАНТТАР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ

«Сорос-Қазақстан» Қайырымдылық Қоры» Корпоративтік Қорының

ГРАНТТАР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ

Осы ережеде «Сорос-Қазақстан» Қайырымдылық Қоры» Корпоративтік Қорының Гранттар беруінің тәртібі регламенттеліп, оларға мониторинг жасау, есеп қисап, жабу және кері шақырып алу рәсімдері айқындалады.

1.    Терминдер мен айқындамалар

1.1.    Грант – «Сорос-Қазақстан» Қайырымдылық Қоры» Корпоративтік Қорының (одан әрі СҚҚ) өзінің Құрылтайшысы   «Ашық Қоғам Институты» (АҚШ, Нью-Йорк) қайырымдылық трастымен келісу бойынша белгілі бір мақсаттарға (міндеттерге) жету үшін заңды тұлғаларға, сондай ақ жеке тұлғаларға өтемсіз негізде беретін мүлкі. (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Салық кодексі)

1.2.    Грант ақшалай нысанда, сондай ақ мүлік түрінде берілуі мүмкін.

1.3.    «Сорос-Қазақстан» Қайырымдылық Қоры» Корпоративтік Қорының Жарғысы бойынша Грант ретінде ұсынылатын СҚҚ құралдары саяси партиялардың, кәсіподақ және/немесе діни ұйымдардың, басқа заңды және/немесе жеке тұлғалардың саяси және/немесе діни мақсаттарына жетуге бағытталған қызметін қолдауға пайдаланылуға тиіс емес.

1.4.    Өтінім – Грант беру туралы белгіленген үлгідегі жазбаша өтініш.

1.5.    Ізденуші – СҚҚ ға Грант беру туралы өтінім ұсыған заңды немесе жеке тұлға.

1.6.    Грант алушы – СҚҚ дан ақшалай нысанда немесе мүлік түрінде Грант алған заңды немесе жеке тұлға.


2.    Грант беру рәсімі

2.1.    Грант СҚҚ тиісті бағдарламасының СҚҚ Қорғаншылар Кеңесі немесе Сараптама Комитеті шешім қабылдаған жағдайда, Құрылтайшы бекіткен СҚҚ бір жылдық бюджеті шегінде Ізденуші Өтінімінің негізінде Грант алушыға беріледі.

2.2.    Грант қазіргі уақытта СҚҚ жүзеге асырып отырған, белгілі бір тақырыпқа арналған бағдарламалардың, өтінімдер қабылдау тәртібі мен жағдайларының, сондай ақ оларды қарау өлшемдерінің шеңберінде бөлінеді.

2.3.    Гранттар конкурс негізінде немесе белгілі бір жобаларды бірлесіп (әріптестік жобаларын) жүзеге асырған жағдайда мақсатты арналуы бойынша беріледі.

2.4.    Гранттар беру бойынша конкурс өткізу кезінде конкурс туралы хабарландырудың мазмұны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылады, СҚҚ Web-сайтында – www.soros.kz орналастырылады, қажет болғанда мүдделі заңды және жеке тұлғаларға электрондық поштамен жіберіледі, қоғамдық ұйымдар, оқу орындары, мәдени мекемелер арқылы табысталады.

2.5.    Ізденуші СҚҚ¬ ға жеке және заңды тұлғаларға арналған белгіленген үлгідегі Өтінімді ұсынуға тиіс, онда Өтінімнің уақтылы және дұрыс қаралуы үшін қажетті ақпарат пен құжаттар қамтылуға тиіс.

2.6.    Гранттар беруге барлық Өтінімдер тіркеу рәсімінен өтеді (алғашқыда Өтінімдер Қордың жалпы қабылдау бөлімінде тіркеліп, содан соң кейінгі тіркеу үшін Қаржы бөліміне табысталады). Өтінімдерді тіркеу кезінде Ізденушінің арам ниетті Грант алушылар тізімінде бар не жоқ екенін анықтау үшін тексеру жасалады. Бұл тізімде аталған Ізденушілер СҚҚ бағдарламаларына қатысуға жіберілмейді.

2.7.    Өтінімдерді тиісті Сараптама Комитеттері (СК) қарайды. Өтінімдер бойынша пікірлер және қабылданған шешімдер отырыстың Хаттамасына енгізіледі. Егер Өтінімнің сомасы Сараптама Комитеті шешімді бекітуге тиіс болатын сомадан асып кетсе, үйлестіруші оны Қорғаншылық Кеңесінің ең жақын арада болатын отырысының талқылауына ұсынады.

2.8.    Қорға тиесілі активтер түрінде Грант алуға берілген Өтінімдерді Басқарма Төрағасы қарайды. Грант бөлу туралы шешім Басқарма Төрағасының бұйрығымен ресімделеді.

2.9.    Резерв Қорынан қаражат бөлу туралы шешімді СҚҚ Басқарма Төрағасы және Қорғаншылық Кеңесінің Төрағасы қабылдайды. Резерв Қорынан қаражат бөлу туралы шешім қабылданғаннан кейін бағдарламаның үйлестірушісі/директоры Грант бөлу туралы Өтінімді Сараптама Комитетінің және қажет болғанда, СҚҚ Қорғаншылық Кеңесінің қарауына және бекітуіне шығарады.

2.10.    Егер Ізденушінің Грант тарихы болмаса, Сараптама Комитеті немесе Қорғаншылық Кеңесі Ізденушінің мәлімдеген жобасын жүзеге асыру жөніндегі мүмкіндіктеріне Грант алдындағы зерттеу жүргізуі мүмкін.

2.11.    СҚҚ Қорғаншылық Кеңесі Гранттар беру саласындағы өз өкілеттіктерін Сараптама Комитеттеріне табыстай алады. Бұл орайда Қорғаншылық Кеңесінің шешімінде өкілеттіктерді табыстау мерзімдері, тақырып салалары, Гранттардың ең үлкен сомалары көрсетілуге тиіс (қараңыз: Қорғаншылық Кеңесі). СҚҚ Қорғаншылық Кеңесі Сараптама Комитеті қарамаған немесе алдын ала қабылдамай тастаған Өтінімді қарауға қабылдай алады.

2.12.    Грант бөлу туралы шешімді Құрылтайшы қабылдайтын жағдайларда, Ізденушіден Өтінімнің болуы және Өтінімді Сараптама Комитетінің, сондай ақ Қорғаншылық Кеңесінің қарауы қажет етілмейді; барлық қалған жағдайда Грант толығымен осы Ережеге сәйкес басқарылады.

2.13.    Грант алуға Ізденуші Қорғаншылық Кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрағасы немесе СҚҚ қызметкері және/немесе олардың жақын туыстары болып табылатын жағдайда, мүдделер қақтығысын, объективті емес және әділетсіз шешімдерді болдырмау үшін Өтінімді Құрылтайшы қосымша қарайды. Бұл жағдайда Грант бөлу туралы шешімді Құрылтайшы қабылдайды. Егер Грант алуға Ізденуші Сараптама Комитетінің мүшесі және/немесе оның жақын туыстары болып табылса, Грант бөлу туралы шешімді қандай соманың сұралып отырғанына қарамастан, Қорғаншылық Кеңесі қабылдайды (қараңыз: Мүдделер қақтығы).

2.14.    Гранттар бөлінбеген Өтінімдер рецензияланбайды, сақталмайды және Ізденушілерге қайтарылмайды. СҚҚ қабылдамай тастаған Өтінімдер бойынша түсіндірме бермейді.

2.15.    Бағдарламаның үйлестірушісі Өтінім бойынша қабылданған шешімдер туралы Ізденушіге құлақтандыру береді.

2.16.    Бөлінген Гранттар туралы ақпарат www.soros.kz web сайтында және СҚҚ жыл сайынғы есебінде жарияланады.

2.17.     Ағымдағы жобалар бойынша жұмысты аяқтамаған ұйымдарға жаңа Гранттар бөлу туралы мәселені, бірлесіп қаржыландыру көздері бар Гранттарды немесе қазіргі Жобаның жалғасы болып табылатын Гранттанды қоспағанда, қандай соманың сұралып отырғанына қарамастан, Қорғаншылық Кеңесі қарайды және шешеді. Ұйымда СҚҚ дан алынған институционалдық Гранттың болуы жобалық жұмысқа Грант алу мүмкіндігін шектемейді.

2.18.    Сараптама Комитетінің немесе Қорғаншылық Кеңесінің тапсырмасы бойынша Қор Гранттың орындалуына баға береді.


3.    Грант беру туралы шарт

3.1.    Шарт СҚҚ Қорғаншылық Кеңесінің немесе Құрылтайшы шешімінің негізінде, немесе Сараптама Комитеті шешімінің 2.11 тармағында көзделген жағдайларда жасалады.

3.2.    СҚҚ атынан Шартқа қол қоюға айрықша құқық СҚҚ Басқарма Төрағасына немесе оның орнындағы тұлғаға тиесілі.

3.3.    Мына төмендегі ақпарат Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады, бұл: жобаның қысқаша сипатталуы, жұмыс кестесі, бюджеті, бірінші қол қою құқығы бар адамның тегі мен лауазымы, Ізденушінің мекен жайы.

3.4.    Егер Шартты орындау үдерісінде бюджеттің құрамдас баптарын түзеу қажеттігі туындаса, онда құрамдас баптарды Шарт сомасының 10% ы шегінде өзгерту туралы шешімді (еңбекке ақы төлеу туралы бапты ұлғайтудан басқа) Грант алушы бағдарламаның үйлестірушісімен және Грант менеджерімен келісу бойынша қабылдай алады; құрамдас баптарды Шарт сомасының 25% ына дейін өзгертуді Грант алушы Грантты бөлген органның берген шешімінің негізінде жүзеге асыра алады.

3.5.    Өткен жылдарда бөлінген Гранттар бюджетінің толық пайдаланылмаған қаражатын Грант алушы СҚҚ ға қайтарып, ол резерв қорының есебіне жатқызылады. Бұл қаражат Басқарма Төрағасының және Қорғаншылық Кеңесі Төрағасының ұйғаруы бойынша гранттарды және/немесе операциялық іс шараларды қаржыландыруға пайдаланылады. Үстіміздегі жылы бөлінген Гранттар бюджетінің толық пайдаланылмаған қаражатын Грант алушы СҚҚ ға қайтарып, ол бағдарлама бюджетінің есебіне жатқызылады.  Үйлестірушілер Грант алушының толық пайдаланбаған қаражатын қайтарғаны туралы Басқарма Төрағасын және Қаржы директорын уақтылы хабардар етуге тиіс.

3.6.    Грант алушы Шартқа сәйкес жұмыстың атқарылуы туралы шығармашылық және қаржы есептерін СҚҚ ға ұсынады. СҚҚ Гранттың бүкіл сомасына шығармашылық және қаржы есептерін қабылдағаннан кейін Шарт орындалған деп саналады. (2 қосымша)

3.7.    Негізгі құралдарды алуды қаржыландыру кезінде Шарттың қолданылу мерзімі қол қойылған күннен бастап 3 жыл деп белгіленеді. Қабылдап алу табыстау актісі бойынша алынған және (немесе) Гранттың есебінен сатып алынған барлық негізгі құралдар Шарттың қолданылу мерзімінің аяғына дейін Қордың меншігі болып қала береді, бірақ негізгі құралдарға меншік құқығы емес, иелік ету құқығы берілетін Алушының балансында көрсетіледі. Гранттың кері шақырып алынуына орай Шартты үзу жағдайларынан басқа, Шарттың қолданылуы тоқтағаннан кейін барлық құралдар Алушының меншігіне өтеді.

3.8.    Негізгі құралдарды алусыз қаржыландыру бөлінетін жағдайда Шарттың қолданылу мерзімі қол қойылған күннен бастап 1 жыл деп белгіленеді.

3.9.    Грант алушының кез келген іс шараға сапары қаржыландырылатын жағдайда Шарттың қолданылу мерзімі шығармашылық және қаржы есептері ұсынылған күннен бастап 1 жыл деп белгіленеді.

3.10.    Грант алушының СҚҚ іс шараларына қатысуын қаржыландыру үшін, Басқарма Төрағасы және бағдарламаның үйлестірушісі/директоры іс шараға қатысушылардың тізімі көрсетілген Шақыру Шартына қол қояды. Іс шараға барлық қатысушылар да осы Шақыру Шартына қол қояды.


4.    Грантқа мониторинг жасау

4.1.    СҚҚ өзінің ұйғаруы бойынша кез келген уақытта Грант алушыға алдын ала құлақтандыру берместен, Шарттың орындалуына мониторинг жүргізеді, яғни Гранттың барлық қаражатының болуын және мақсатқа сай пайдаланылуын, Грантқа қатысы бар қаржы құжаттамасын, Шарт бойынша Грант алушының қызметін, соның ішінде оның Грант жобасының мақсаттары мен міндеттеріне сай болуын тексереді.

4.2.    СҚҚ ның сұрау салуы бойынша Грант алушы, Шартта ескерілетіндей, Грантты пайдаланумен байланысты бүкіл ақпаратты ұсынуға міндетті.

4.3.    Жобалық қызметіне семинар, тренинг, конференция немесе уақыт шеңбері бойынша шектеулі басқа іс шараның өткізілуі кіретін Шарттың орындалуына мониторинг жүргізу кезінде СҚҚ өкілі тікелей іс шара уақытында мониторинг жүргізеді.

4.4.    Грант алушы мониторинг нәтижесімен таныстырылуға тиіс.

4.5.    Мониторинг туралы есепте Шарт жағдайларының орындалуына қанағаттанарлықсыз бағаның берілуі Грантты кері шақырып алу туралы мәселе қоюға негіз болады.

5.    Грантты жабу

5.1.    СҚҚ ның түпкі қаржы есебін және Жобаның іске асырылуы туралы есептің қабылдану шартымен Грант жабылған деп саналады.

5.2.    Егер қаржы есебі Грант сомасының 98,5 - 99% ынан кем сомаға ұсынылса, Грантты жабуға жол берілмейді.

5.3.    Грант алушы Грантпен байланысты құжаттаманы (есептер, шоттар, шот-фактуралар) 5 жыл бойы сақтауға міндетті.


6.    Грантты пайдалану жөніндегі міндеттемелер

6.1.    Грант алушы Грантты Шартта көрсетілген арналу мақсатына қатаң сәйкестікте пайдалануға тиіс.

6.2.    Грант алушы, тек егер Жобада арнайы ескерілмесе, Грант бойынша құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға табыстауға құқылы емес.

6.3.    СҚҚ және «Ашық Қоғам Институты» (АҚШ, Нью-Йорк) қайырымдылық трасты мыналар бойынша жауап бермейді:

-    Грант алушының міндеттемелері бойынша,
-    Грант алушыға қойылатын кінараттар бойынша,
-    Шартты орындаудың әдістері мен нәтижелері үшін,
-    Грант алушының мемлекеттік органдармен және басқа заңды және жеке тұлғалармен өзара қатынасы үшін,
-    Грант алушының Мемлекеттік бюджет алдындағы міндеттемелері үшін,
-    Грантты пайдаланудың нәтижесінде Грант алушының қасақана немесе қасақаналықсыз келтірген нұқсаны үшін.


7.    Грантты кері шақырып алу

7.1.    Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы, немесе Грант алуға Өтінімде, сондай ақ Грант бойынша есепте шындыққа сай келмейтін ақпараттың көрсетілуі, немесе Грант алушының құқықтық мәртебесінің өзгеруі, егер осындай өзгеріс Жобаның орындалуына әсер етсе, Грантты кері шақырып алуға негіз болады.

7.2.    Грантты кері шақырып алу туралы шешімді Сараптама Комитеті берген ұсыныстардың негізінде Қорғаншылық Кеңесі қабылдайды. Ұсыныстарға Шарттың орындалуына жүргізілген мониторинг         туралы есеп және, егер бар болса, Грант алушының пікірі қоса беріледі. Грантты кері шақырып алу кезінде Гранттың барлық құралдарын (қаражатын) қайтып алып, Грантты толығымен кері          шақырып алудың қажет екені немесе ішінара – негізгі және/немесе толық пайдаланылмаған құралдарды (қаражатты) қайтып алып және/немесе төлеуді тоқтатып кері шақырып алудың              қажет екені айқыдалуға тиіс. Грантты кері шақырып алу туралы ақпарат СҚҚ Қорғаншылық Кеңесінің алдағы отырысына ұсынылады.

7.3.    Грантты кері шақырып алу туралы шешім жазбаша нысанда Грант алушының назарына жеткізіледі. Хатта қандай нақты құралдардың және қандай жолмен СҚҚ ға қайтарылуға тиіс екені              көрсетіледі.

7.4.    Грант алушы Грантты қайтарудан бас тартатын жағдайда, Басқарма Төрағасы Қорғаншылық Кеңесінің шешімі бойынша сотқа жүгінеді.

7.5.    Қорғаншылық Кеңесі Гранттың кері шақырып алыну жағдайын жария етудің қажеттігі туралы шешім қабылдайды.

7.6.    Грант кері шақырып алынған немесе Шарттың орындалуына қанағаттанарлықсыз баға берілген жағдайда, Грант алушы СҚҚ ның Арам ниетті грант алушылары тізіміне енгізіледі және бұл          Грант алушының аты жөні СҚҚ ның веб-сайтына орналастырылуы мүмкін. Грант алушыны бұл Тізімнен шығару туралы шешімді бағдарлама бөлімінің қызметкері берген ұсыныстың негзінде           Сараптама Комитеті қабылдайды.


8.    Грант алуға Өтінім беретін заңды тұлғаның ұсынатын ақпараты
•    Ұйымның толық атауы;
•    Тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
•    Байланыс жасау ақпараты: мекен жайы, телефоны мен факсының (бар болса) нөмірлері;
•    Бірінші болып қол қою құқығы бар тұлғаның аты мен лауазымы;
•   Ұйымның банктік деректемелері: есеп айырысу шоты, банктің атауы және коды, МФО, СТН. Өтінім берушіге валюта аудару қажет болатын жағдайларда, оның валюталық шотын және Өтінім      берушіге қызмет көрсететін банктің барлық корреспонденттік шоттарын көрсетуі керек.
•    Өтінім беруші қызметінің, осының алдында жүзеге асырылған жобаларының қысқаша сипатталуы және даму келешегі;
•    Донорлар берген осының алдындағы Гранттар туралы ақпарат.

9.    Грант алуға Өтінім беретін жеке тұлғаның ұсынатын ақпараты
•    Тегі мен аты;
•    Мекен жайы;
•    Төлқұжат деректері: нөмірі және берілген күні;
•    Телефоны мен факсының (бар болса) нөмірлері; электрондық поштасының мекен жайы;
•    Жеке шоты (бар болса): нөмірі, банктің атауы және МФО;
•    Өтінім беруші қызметінің, осының алдында жүзеге асырылған жобаларының қысқаша сипатталуы және даму келешегі;
•    Донорлар берген осының алдындағы Гранттар туралы ақпарат.


baner baner baner baner