Бюллетень

Transparency

Accountability

Justice

Сіз осындасыз: Home » kz » Біз туралы » Сорос-Қазақстан Қоры » Ашықтық саясаты » Ашықтық саясаты

Ашықтық саясаты

Сорос-Қазақстан Қоры өз қызметінде бұлжымас қағидалар – ашықтық пен есептілікті басшылыққа алады.

Қазақстан азаматтарының мүдделерін қорғайтын Қордың барлық бағдарламалары елдің қоғамдық, экономикалық және саяси өмірінің барлық салаларында ашықтыққа жетуге бағытталған, бұл дегеніміз мыналарды білдіреді:

  • адам құқықтарының халықаралық стандарттары мен өлшемдеріне сәйкес әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпаратқа еркін қол жеткізу мүмкіндігінің берілуіне қол жеткізу;
  • бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына қатысты мемлекеттік ұйымдардың көпшілікке арналған ақпаратына мониторинг және талдау жасау құқығына ие болу;
  • елдің қазбалап шығару секторында ашықтық және есептілік үдерісін одан әрі алға жылжытуға септесу;
  • Қазақстанның Ұлттық Қорын басқарудың сапасына қатысты мәселелер бойынша талдамалы зерттеу және ағымдағы мониторинг жүргізу;
  • азаматтарға монополиясыздандырылған, соның ішінде электрондық медиа ресурстардан уақтылы ақпаратты «купюрасыз» алуға заңды құқық беру;
  • гендеріне, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік мәртебесіне, дініне, дене күйіне және сексуалдық бағдарына қарамастан, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қорғау.

Жаңартпалық жобаларды іске асыру арқылы ашықтық және есептілік қағидаларын алға жылжытуға септесетін Сорос-Қазақстан Қоры елде ақпараттың ашықтығына, үкіметтің және мемлекеттік органдардың есеп беруіне, заңның билік құруына және адам құқықтарын құрметтеуге негізделген ашық, демократиялық қоғам құруға ықпалдасады.

Ашықтық қағидасын сақтай отырып, Қор өзінің қызметі туралы ақпаратты, соның ішінде жылдық есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай ақ веб сайтында тұрақты түрде жариялап тұрады.


baner baner baner baner