Сіз осындасыз:
Home » kz » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Бюджеттің орындалуын қоғамдық талдау мүгедектердің қажеттіліктерін ескеруге көмектеседі
Бюджеттің орындалуын қоғамдық талдау мүгедектердің қажеттіліктерін ескеруге көмектеседі
Шектеулі мүмкіндіктері бар адамдардың әлеуеттерін ары қарай дамыту – Сорос-Қазақстан Қорының «Бюджеттік ашықтық және есеп берушілік» бағдарламасы шеңберіндегі атыраулық «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігімен басталған жаңа жобаның мақсаты.
2005 жылы Атырау облысында мүгедектерді сауықтыру және қолдау қалалық және аймақтық бағдарламалары қабылданды. «Мүгедек әлемі» АҚ мүгедектерді сауықтырудың республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларын зерттеуге, олардың бюджеттерінің ашықтық деңгейін бағалауға және қажеттіліктерге байланысты бағдарламалардың орындалуын уақытында дәлдеу мақсатында өз ұсыныстарын облыстық әкімшілікке жіберуге мүдделі. Өткен жылы Атырау облысындағы мүгедектерді сауықтыру бағдарламасы бойынша 530 млн. теңге игерілді, ал 2008 жылы 984 млн. теңге игеру ұйғарылуда. «Бұл маңызды мемлекеттік құралдар мүгедектердің көптеген әлеуметтік мәселелерін шешуге шынайы көмектесуі үшін бағдарламаларды жүзеге асыруда бұл топ өкілдерінің қатысуы өте маңызды», деп ескертеді К.Нұржігітова.
Күзде Парламентте ел Президентінің тапсырмасы бойынша Үкіметпен жасақталған Бюджеттік кодекс жобасы талқыланады. Кодекстің жаңа басылымында алғаш рет мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағдарламаларды бағалау мәселелерінде үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасу міндеті жазылған. Тек осы жағдайда ғана Бюджеттік кодекс бюджеттік құралдарды республикалық және жергілікті деңгейде жоспарлау және орналастырудың ғана емес, сонымен қатар оларды басқару үдерісіндегі басымырақ ашықтығының әсершіл құралы бола алады.