Қандай дәрілермен емделеміз?
Пікір алысуға «жедел телефон» желісі ашылды
Сорос-Қазақстан қоры қолдауымен «Аман-саулық» қоғамдық қоры бастамасының мақсаты– тұрғындарға арналған дәрі-дәрмекке мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржының шынайы пайдаланылуын анықтау.
«Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова: «Біз жобаға қатысуға Қазақстан қоғамдастығын шақырып, Қазақстанның алты қаласында – Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Петропавл және Семейде «жедел телефон» желісін қосамыз»-деп түсіндіреді. Төмендегі берілген телефон номерлеріне ақысыз және жеңілдіктермен берілетін дәрі-дәрмектің тапшылығы туралы, сапасыз немесе үстеме баға қосылған дәрі-дәрмектерді сатқанын байқасаңыз хабарлауға болады. Егер ақпараттар нақты дәлелденсе қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың мониторингін жасағанда пайдаланылады.
Ресми хабарлар бойынша 2007 жылдың аяғына қарай дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мөлшері АҚШ-тың 1 млрд долларына жеткен, соның ішінде жылына әрбір қазақстандыққа 27-35 доллардан келеді. Салыстырсақ, АҚШ-та жаппай медициналық мемлекеттік сақтандыру жүйесі жоқ болған жағдайда, әрбір АҚШ азаматына дәрі-дәрмекке жылына 400-500 доллар жұмсалады. Қазақстанда 42 аурудың түрі бойынша дәрі-дәрмекпен ақысыз қамтамасыз етіледі, ал бір қатар аурулар бойынша дәрілер мемлекеттік бюджеттің есебінен 50% жеңілдіктермен беріледі. Осы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес тендер арқылы сатылып алынады.
Статистика осындай, ал қазақстандық дәрі-дәрмек саудасында шынайы жағдай қандай? Ресми статистикаға сәйкес Қазақстан Республикасында жалған дәрілер бөлігі 10-12 пайызды құрайды. Алматы қаласында эксперимент ретінде уақытша жұмыс істеген «Жедел телефон» желісіне телефон шалған 1350 азаматтардың 20% дәрі-дәрмектің өте тапшылығы туралы хабарлады. Алматылықтар «тендерлі» дәріханалардың тұратын жерлерден алыстығын, ақысыз және жеңілдіктермен берілетін дәрі-дәрмектің тапшылығы туралы, сапасыз немесе қымбат бағалы дәрі-дәрмектер туралы, ауруханаларда дәрі-дәрмекті сатып беретіндігі туралы хабарлайды.
«Ақысыз және жеңілдіктермен берілетін дәрі-дәрмекке мемлекеттік қазынадан бөлінетін қаржының көлемі жылдан-жылға өсуде» - деп хабарлайды Сорос-Қазақстан қорындағы «Бюджеттік ашықтық пен есептілік» бағдарламасының менеджері Жәнібек Хасан, «сонымен қатар тұрғындардан дәрі-дәрмектің тапшылығы туралы арыздар көлемі азаймайды. Неге дәрі-дәрмек жетіспейді? Қалыптасқан жағдайды терең зерделеу қажет, ол үшін Сорос-Қазақстан қоры үкіметтік емес ұйымдарға – мемлекеттің саясатына және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалған қаржының дұрыс пайдаланылуын анықтауға мониторинг жасауға қаржылай және эксперттік қолдау көрсетуге дайын»
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Фармацевтикалық бақылау комитеті де жобаны қолдауда.
Қалалардағы «Жедел телефон» желісі:
Алматыда – 8 (727) 232-08-51, 232-08-52, ұялы тел. 8-700-496-83-30;
Атырауда – 8 (7122) 27-14-51
Қарағандыда – 8 (7212) 41-47-24
Қызылордада – 8 (7242) 27-08-45
Петропавловскіде – 8 (7152) 42-24-95
Семейде – 8 (7222) 63-41-61
Байланыс үшін: «Аман-саулық» қоғамдық қоры, Алматы қ-сы, М.Мәметова көш., 76 үй, 228 кеңсе, тел. 8(727) 279-58-63, 8 (727) 279-39-94, факс 8(727) 266-99-25, Е – mail: aman-saulyk@mail.ru