MediaNet болашақ журналистердің құқықтық даярлығын қолдайды
Сорос-Қазақстан Қорының «Ашық Қоғам» институтының БАҚ-тары бойынша Желілік бағдарламасының Астанадағы ЕЫҚҰ Орталығының қолдауымен «MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры журналистика мамандығы бойынша білім алушы Қазақстандық студенттердің арнайы құқықтық даярлығын енгізу жобасын бастайды.
Жоба арнайы факультеттердің, департаменттердің, бөлімдер мен медиа, авторлық және еңбектік құқық бойынша курс кафедраларының міндетті бағдарламаларына, медиа –құқық саласындағы халықаралық құжаттарға сөйлеу туралы және жарнама туралы заңдар енгізу науқанын білдіреді.
Жобаның ұйымдастырушылары ең алдымен медиа нарық өкілдерінің (редакторлар, журналистер, меншік иелері) пікірлеріне сүйенсек,тақырыптық-құқықтық блоктар жуық арада журналистер қатарына қосылатындар үшін маңызды деп саналады. Белсенді түрде заңдарды интерактивті тәртіпте оқып білу, тәжірибе жүзінде меңгеру қазақстандық журналистердің кәсіби деңгейін арттыру мүмкіндігін туғызады.
Жобаның тарихы 2006 жылдан бастау алады. Сол кезде MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Қазақстандағы журналистика факультеттерінің студенттері үшін медиа және еңбек құқығы бойынша арнайы курстың оқу бағдарламасын құрастырды. Осы курс сол жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде іске асты.
2007-2008 жылдары ЖОО-да қазақ және орыс тілдерінде үш айлық сабақтар түрінде немесе қысқа мерзімді тренингтер түрінде ұйымдастырылған арнайы курстар Алматының, Астананың, Қарағандының, Павлодардың, Қостанайдың, Түркістан мен Петрапавлскінің сегіз университетіндегі журналистика факультеттерінде, бөлімдері мен кафедраларында өткізіледі. 300-ден аса студент арнайы курстың тыңдармандары болды.
Сонымен қатар, медиа құқығын интерактивті оқыту әдістемесімен таныстыру үшін ЖОО оқытушыларына тренингтер өткізілді. Нәтижесінде, Қазақстанның бес аймағында 1 – қыркүйектен бастап, журналистика факультеті мен кафедралары студенттерінің оқу бағдарламасына медиа құқық бойынша арнайы курс енгізілді.
Дегенмен, елдегі жоғары деңгейлі кәсіби даярлығы бар журналист кадрларының жылдан жылға жетіспеушілігі жоғары журналистік білім беру бағдарламасына міндетті түрде құқықтық курс енгізуді талап етеді.
Бұл үшін, MediaNet компаниясының шеңберінде Қазақстанның 5 қаласындағы (Өскеменде, Семейде, Атырауда, Оралмен Таразда) ЖОО-ларда арнайы курстардың жаңа сессиялары, сондай-ақ ЖОО оқытушылары үшін тренингтер өткізіледі. Одан басқа ЖОО-лар бойынша Медиа құқығы курсын өткізу үшін оқытушыларға арналған әдістемелік брошюра қайта басылып, таратылады.
MediaNet Халықаралық журналистика орталығы болашақ журналистерді құқықтық даярлауын жандандыру мәселесінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ЖОО-дың ынтымақтастығына сенеді және олардың кәсіби даярлығын жетілдіруге ықпал етеді.
«MediaNetХалықаралық журналистика орталығы» Қоғамдық қоры 2004 жылы құрылған. Ұйымның негізгі миссиясы– жаңа профессионалды журналистер тобын құру.
4 жыл ішінде MediaNet 60 –қа жуық түрлі жобаларды жүзеге асырды – зерттеулер, тренингтер, конференциялар және т.б. Ең танымал жобаларының бірі Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен құрылған – Медиа-Мектеп (тәжірибелік журналистикадан 6-айлық курс). Мектепте практиктер сабақ беретіндігімен танымал болып келеді– редакторлар, орталық БАҚ –ғы жетекші журналистер, заң және PR-мамандары.
Қосымша ақпарат:
Адиль Джалилов adil@medianet.kz +7-727-2724829, +7-7774444344
Ақбота Жылысова akbota@medianet.kz +7-727-2721529, +7-727-2616669
Вячеслав Абрамов abramov@medianet.kz +7-727-2724829, +7-7772558055