Бюллетень

Transparency

Accountability

Justice

Сіз осындасыз: Home » kz » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Әлеуметтік әділеттілікке қалай қол жеткізуге болады?

Әлеуметтік әділеттілікке қалай қол жеткізуге болады?

Жас мамандар жауап береді

Сорос-Қазақстан Қоры адам құқығын қорғау саласында жаңа жобаның тұсауы кесілгенін хабарлайды. Жобаға еліміздегі азаматтық қоғам мен әлеуметтік қызмет көрсету саласын дамытуға интеллектуалдық үлес қосқысы келетін жас мамандар, шетелдік мен Қазақстанның жоғарғы мектеп түлектері шақырылады.
Сорос-Қазақстан Қоры адам құқығын қорғау саласында жаңа жобаның тұсауы кесілгенін хабарлайды. Жобаға еліміздегі азаматтық қоғам мен әлеуметтік қызмет көрсету саласын дамытуға интеллектуалдық үлес қосқысы келетін жас мамандар, шетелдік мен Қазақстанның жоғарғы мектеп түлектері шақырылады.

Былтыр үкіметтік емес ұйымдар Қазақстан азаматтарының білім алу, медициналық қызмет пен әлеуметтік қолдауды пайдалану құқықтарының сақталуын зерттеу мақсатында үлкен жобаны қолға алған болатын.  «Жас сарапшыларды қатыстыра отырып, азаматтық сектор жұмысында әлеуметтік-экономикалық әділеттілікке қол жеткізу қағидаларын дамыту» жобасы осының жалғасы болмақ. Биыл «Сорос-Қазақстан» қоры азаматтардың әлеуметтік қамту құқықтарының қорғалу деңгейін зерттеуді көздеп отыр.

Тәжірибеде қоғамның ахуалын көрсететін және әлеуметтік игіліктердің барынша теңдей бөлінуін қарастыратын «әлеуметтік әділеттік» ұғымы пайда болды. Қазақстан 1992 жылы БҰҰ-на мүше болған кезде Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын орындау міндетін мойнына алды. Осыған сәйкес,  әрбір адам әлеуметтік қамсыздандыруға және экономикалық, әлеуметтік салалардағы беделін көтеріп, тұлға ретінде нығаю құқығына ие. Осы құқықтарды қамтамасыз ету әр мемлекеттің ресурстарына тікелей байланысты.

Сорос-Қазақстан Қорының «Бюджеттік ашықтық және есеп беру» бағдарламасы менеджері Жәнібек Хасанның айтуынша, «азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқығын орындаудың минималды деңгейі бар, мемлекет оны қаржылық тұрақсыздық кезеңінде де орындауға тырысуы керек». «Бұл құқықтарды қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де қамтамасыз ету үшін мемлекетке қомақты қаржы қажет. Мысалы, ЮНЕСКО және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы білім беру мен денсаулық сақтау салаларына жалпы ұлттық өнімнің кем дегенде 6% және 5%-ын жұмсауды ұсынады.

Ең төменгі стандарттар әлеуметтік қызмет көрсету саласында да сақталуы тиіс. Елімізде бір ай бұрын қабылданған арнайы әлеуметтік көмек туралы Заң қиын жағдайға түскен тұлғалар мен отбасылардың әлеуметтік проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Алайда, Заң күші шектеулі, онда әлеуметтік кепілдіктердің барлық түрі бірдей қамтылмаған».

Сорос-Қазақстан жобасының алғашқы жобасы белсенді жастар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесе, қоян-қолтық жұмыс істеу мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл екі жақтың да тәжірибесін байытады. Бұны екі бағытта өрбіту көзделіп отыр: біріншіден, жастар қоғамдық ұйымдармен бірлесіп зерттеу жүргізеді және әлеуметтік қызмет, яғни, білім беру, медицина және әлеуметтік қорғау стандарттары бойынша ұсыныс-кеңестер әзірлейді. Екіншіден, байқаудан өткен ЖОО түлектеріне әлеуметтік-экономикалық құқықтарды қорғау саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарда жарты жылдық тәжірибе жинақтау мүмкіндігі беріледі.  Жас мамандардың  өтініштері 10-ақпанға дейін қабылданады. Бір грант – 720,000 теңгеге дейінгі соманы құрайды, жалпы грант қоры – 7,2 млн. теңге.

«Қазақстанның жастар Конгресі» мен ҚР Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясының стипендиаттары қауымдастығы Сорос-Қазақстан Қорының бастамасына қолдау көрсетті.
___________________________________________________________________________________
Қосымша ақпаратты Сорос-Қазақстан Қорының: http://www.soros.kz/Legal_reform_sej_news_kz.html. сайтынан алуға болады.

Сұхбат сұрақтары бойынша Сорос-Қазақстан Қорының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Ильмира Гафиатуллинаға хабарласыңыздар, тел. +7 777 244 7763.







baner baner baner baner