Қазақстандағы EITI
1-2 маусымда Астанада мүдделі тараптар үшін Қазақстандағы өндіруші салалардың айқындығы туралы бастаманы (EITI) валидациялау бойынша семинар өткізіледі. Бұл шараның бастамашылары Revenue Watch Институты (АҚШ), Сорос-Қазақстан Қоры және Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі болды.
2009 жылы Қазақстан валидациядан - Өндіруші салалардың айқындығы туралы бастаманы (EITI) іске асыруда қол жеткен жетістіктерді бағалау рәсімінен өтуге тиіс. Валидатор (тендерлік шарттармен таңдалған консалтингілік компания) бағалауды EITI Басқармасы бекіткен және EITI Халықаралық хатшылығы шығарған Валидация бойынша нұсқаулықта түсіндірілетін 20 көрсеткіштің негізінде жүргізеді. Нұсқаулықта келтірілген түсіндірмелерге қарамастан, осы көрсеткіштердің кейбіреуі бір мәнді қарастырылмауы мүмкін, соның нәтижесінде мүдделі тараптардың валидацияның көрсеткіштеріне сәйкестік турасындағы пікірлері әрқашан сәйкес келе бермейді. Сондықтан осы семинардың мақсаты мүдделі тараптардың өкілдерінің валидацияның барлық көрсеткіштерін, сондай-ақ валидация үрдісін анық әрі дәл түсінуін қамтамасыз ету болып табылады.
Семинарға ҚР Үкіметінің, Парламентінің, өндіруші компаниялардың, азаматтық қоғамның және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Іс-шараны ұйымдастырушы – «Солтүстік Қазақстандық құқықтық медиа-орталық» ҚҚ. Семинар “Гранд Парк Есіл” қонақүйінде, «Туркиз» залында өтеді.
Қосымша ақпаратты «Медиа-орталық» қоғамдық қорынан алуға болады: 7172-910-588, 8-777-245-76-62, mediastana@gmail.com