Фотоконкурс жалғасуда
Әрбір жаңа күн "Қазақстан – сапарыңа ең жақсысын ал!" атты фотосуреттер коллекциясын толықтырып келеді. Газеттер мен журналдардың фототілшілері және фотосурет түсіруді ұнататын қарапайым әуесқойлар үлкен және шағын қалалардың бүгінгі күнін, қазақстандықтардың күнделікті тіршілігі мен мерекелерін, гүл кілем жамылған көктемгі даланың қанық түстерін және жастық шақтың сұлулығын бейнелеп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстан – сапарыңа ең жақсысын ал!" фотоконкурсының мақсаты - Қазақстанның түрлі аймақтары мен қалаларының фотошеберлеріне фотосурет арқылы үлкен бір шаңырақтың астында көптеген халықтар мен ұлттар тату тәтті тұрып жатқан қазіргі заманғы Қазақстанды оң тұрғыда әрі бірегей етіп көрсетуге мүмкіндік беру. Назарда: ізгілікке ұмтылған жасампаз адам және оның ісі.
Алыс жолға шығарда біз жақсы көретін фотосуреттерімізді өзімізбен алып жүреміз, сол сияқты Қазақстанның болашағы туралы ойланғанда да қазіргі заманнан ең жақсы нәрселерді, еліміз мақтаныш тұта алатын құндылықтарды – халықтық дәстүрдің мейірімі мен парасатын; баға жетпес туындылары ғасырлар бойы сақталатын халық шеберлерінің тебіренісін; әйел затының әсерлі сұлулығын және, әрине, сирек болса да кездесетін, адам баласы табиғатпен үйлесім тапқан өлкелерде түсіріліп бейнеленген сәттер!
Конкурсқа ұсынылатын фотосуреттер мазмұны жағынан мына тақырыптарға жатуға тиіс:
• Көп қырлы Қазақстан: тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер қоғамын құру жолында
• Халықтың дәстүрі мен тарихи жадын сақтай отырып;
• Қазіргі заманғы Қазақстандағы әйелдер;
• Түп тамырға оралу: Үйге оралуға бақыттымын;
• Идея бар! Жастар – ой қорытып, іс қимыл жасау керек;
• Қазақстан мұнайының тарихы: үлкен өзгерістер заманы...
• Туған жерім – туған үйім
• Жақсы әзіл – әркез орынды
Конкурс жеңімпаздарының фотожұмыстары Сорос-Қазақстан Қоры құрып жатқан галереяға еніп, кейін Қордың жарияланымдарында пайдаланылуы мүмкін.
ЖҰМЫСТАРДЫ ҰСЫНУДЫҢ ШЕКТІ МЕРЗІМІ: 30 МАУСЫМ, 2009, 17.00 (АСТ.)
КОНКУРСҚА ТІГІЛЕТІН ЖҮЛДЕ:
1 орын –Apple Cinema 23" Мониторы
2 орын - Adobe Photoshop CS4
3 орын - Canon EOS 400 сандық ф/камерасы
Ынталандыру жүлдесі - External HDD, WD 2TB дискі
ФОТОСУРЕТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Фотосуреттер JPEG немесе TIFF пішімінде болуға, ал фотосуреттердің мөлшері кем дегенде 300 dpi болуға тиіс.
КОНКУРСТЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ:
• Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай ақ Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрып жатқан адамдар қатыса алады.
• Конкурсқа сондай ақ кәсіпқой фотографтардың, фотожурналистердің, сол сияқты фотоәуесқойлардың да қатысуына болады.
• Конкурсқа қатысушылардың жасы – 14 жастан жоғары.
• Конкурсқа қатысу – жеке.
• Қатысушы конкурсқа өзі жеке дара авторы болып табылатын, байқаудың тақырыбына сай келетін 5 фотосуретке дейін ұсына алады.
• Конкурста жеңіп шыққан фотожұмыстардың авторлары фотосуреттерді Сорос-Қазақстан Қорының қызметінде пайдалануға айрықша емес авторлық құқықтарды табыстауға дайын болуға тиіс.
• Ең үздік фотожұмыстарды Сорос-Қазақстан Қорының «БАҚ қолдау» бағдарламасының Сарапшылар Комитеті және кәсіпқой фотосуретшілер іріктейді.
• Фотоконкурстың қорытындысы 2009 жылғы 3 тамыз – 20 тамыз аралығында жарияланады.
• Фотосуреттер photo@soros.kz электрондық поштасы бойынша қабылданады. Конкурстық жұмыстар жазылған CD лерді сондай ақ мына мекен жайға жіберуге болады:
050000, Алматы қаласы,
Желтоқсан көшесі, 111а, 9 офис
Фотоконкурсқа
• Төменде қоса беріліп отырған нысан толтырылып, конкурсқа ұсынылатын әр фотосуретпен немесе фотосуреттер сериясымен бірге жіберілуге тиіс:
Жұмыстың атауы
Фото жасалған орын
Автордың Т.А.Ә.
E-mail
Телефон нөмірі
Фотосуретте не бейнеленген (уақыт, орын, іс қимыл, жағдай және т.б.)? 3 сөйлемнен асырмауыңызды өтінеміз.
Бұл жұмыстың негізгі ақпараттық хабарламасы қандай? 3 сөйлемнен асырмауыңызды өтінеміз.