Укажите ваше имя и е-адрес, чтобы подписаться на ежеквартальный бюллетень объявлений |
Русский
English
RSS
«Қазақстан Республикасының ақпараттық коммуникациялық желілері мәселесі туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы күшіне енген жағдайда, Интернет-бизнесініњ құны 10% асып, қазақстандық қорлардың саны азайып, интернет қолданушылар «ru» аумағына ауысу орын алады.
Мұндай болжамды Сорос Қазақстан Қорыныњ қолдауымен, MediaNet Халықаралық журналистика орталығының бастамасы бойынша сауалмана жүргізген қазақстандық интернет сегментін кәсіби қолданушылар және тәуелсіз сарапшылар жасауда.
Cауалнамаға сайттардың иегерлері мен провайдерлер – көптеген жылғы тәжірибесі бар Қазнеттің 60-тан астам кәсіби қолданушысы қатысты.
Нәтижесінде, 95% провайдерлер мен 98% сайт иегерлерінің пікірін жобаны жасаушылар елемеген.
Барлық интернет қорларын БАҚ қатарына қою туралы бастамаға нарық қатысушылары - 80% провайдерлер жѕне 77% сайт иегерлері – қарсы.
Сұралған 80% провайдерлер мен 34% сайт иегерлері заң қабылданғаннан кейін олардың жұмыстарының құны қымбаттайтындығына сенімді. Яғни, соның салдарынан қазақстандық Интернет-бизнесінің бәсекегеқабілеттілігі төмендейді.
52% сұралған сайттар бұл заңжобасы олардың сайттарын қолданушылар санын, әсіресе қолданушының анонимділігі болмаған жағдайда, күрт азайтып жіберетіндігіне сенімді.
Зерттеу нәтижелері бойынша, Ақпарат жѕне байланыс жөніндегі ҚР агенттігінің Қазнет субъектілері арасындағы байланысты реттеу механизмі бойынша ұсынысы ешқандай техникалық-экономикалық негіздемеге сүйелмеген және қауіпті экономикалық нәтижелерді ескермеген.
Осы орайда Web 2.0 интерактивті жобалары көп зардап шегеді, яғни қолданушылардың өздері қалыптастыратын қорлар – форумдар, блогтар, чаттар, әлеуметтік желілер. Дәл осылар жабылу қауіпінде, демек қазақстандық сегментте дамусыз қалады.
Атап өтерлік жайт, odnoklassniki.ru, vkontakte.ru, facebook.com сияқты танымал әлеуметтік желілер, тіпті өзге доменді аймақтарда орналасса да, егер онда заңға қайшы ақпарат болса, олар заң бойынша оңай жабылу ықтимал. Осы орайда livejournal.com қорын доғару тәжірибесін мысалға келтіруге болады.
Сонымен қатар барлық провайдерлер мен сайттар иегерлері, егер қорда интерактив үлесі аз да болса бар болған жағдайда (мысалы, мәтіндерге, суреттерге, бейнелерге «түсініктеме» функциясы болса), шығындарды едәуір көбейтуге мәжбүр болады.
Нарық қатысушыларының шығындары абоненттер туралы ақпаратты екі жылдай сақтау және реттеу міндетіне байланысты болады. Әрине, мұндай жағдайда интернет-бизнесінің даму қарқыны бәсеңдеп, ал Web 2.0 тез дамушы жобалары қажетсіз болып, бәсекеге тура алмайды.
Бұл жағдайда Интернет қорларының иегерлері қолданушылардың интерактивті хабарласу мџмкіндігінен айырып, нѕтижесінде Қазнеттің мәні кетіп, қазақстандық желі сегментіне деген қызығушылық жойылады.
ҚР Парламенті мақұлдаған, АБА ұсынған заңжобасы қоғамды ақпараттандыру жѕне ІТ-технологиялар саласын дамыту бойынша Қазақстан экономикасының стратегиялық жоспарларын орындауда үлкен кедергі болмақ.
Мамандардың болжамынша, заңжобасы қазақстандық интернет қолданушылардың санын азайту мен веб-технологиялар саласындағы жүмыс орындарын қысқартып, салық төлемдерін азайтуға әкеп соғады.
Заңжобасы нарық ақиқатына жауап бермейді, қоғам мен қатысушылардың пікірін ескермейді, және халықаралық стандарттарға жауап бермейді. Осыған орай зерттеу авторлары «2008-2012 жылдарғы Интернет желісі сегментінде қазақстандық біртұтас ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамыту туралы тұжырымдамасы» құжатында айқындалған үрдістерді сақтауды талап етеді.
Қосымша ақпарат: Павел Грудницкий, тәуелсіз сарапшы +7-7014153805 grudnipaw@mail.ru Әділ Джалилов, MediaNet халықаралық журналистика орталығыныњ даму жөніндегі директоры +7(727)2724829, +7-7774444344, adil@medianet.kz