Бюллетень

Transparency

Accountability

Justice

Сіз осындасыз: Home » kz » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Ақтауда әлеуметтік жобалар және тұрақты даму бойынша конференция және семинар өтеді

Ақтауда әлеуметтік жобалар және тұрақты даму бойынша конференция және семинар өтеді

2010 жылдың 28-30 қаңтар күндері Ақтау қаласында «Эко Маңғыстау» мемлекеттік емес мекемесінің ұйымдастыруымен «Тұрақты дамуға бағытталған үштарапты әріптестік» конференциясы және «Әлеуметтік жобаларға монигторингпен бағалау жасау және өңірдердің тұрақты дамуы» атты семинар болып өтеді.

Конференцияға Маңғыстау облысы әкімдігі, азаматтық қоғамы, халықаралық ұйымдары және өндіруші компанияларының өкілдері қатысады. Бұл басқосуда Маңғыстау облысы өндіруші компанияларының әлеуметтік жобаларына бақылау жүргізетін жұмысшы топ іс-әрекеттері талқыланады. Конференция барысында баспасөз өкілдерімен сұрақ-жауап болып өтеді.

Ал семинар барысында облыс ҮЕҰры үшін төмендегі тақырыптар бойынша практикалық жаттығулар өтеді:

  • Әлеуметтік жобалардың принциптері және өзгешеліктері
  • Өндіруші компаниялардың жобалары
  • Жобаның жалпы жоспарын және страгегиясын жасау
  • Алынған информацияны өңдеу және т.б.

Конференция және семинар «Silk Way» қонақ үйінде болып өтеді.


Қосымша мәліметті «Эко Маңғыстау" мекемесінен ала аласыз:

Тел.: 8 (7292) 40 03 76

Ұялы тел: 8 701 415 31 61

Электронды пошта:  Ossin_ Kirill@mail.ru


baner baner baner baner