Укажите ваше имя и е-адрес, чтобы подписаться на ежеквартальный бюллетень объявлений |
Русский
English
RSSАТЫРАУ, 9 ақпан, 2010 ж. - «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» Жастар қоғамдық бірлестігі Сорос-Қазақстан Қорының «Мемлекеттік қаржының ашықтығы» бағдарламасының қолдауымен «Атырау аймағының облыстық және қалалық мәслихаттары қызметінің мониторингі» жобасы бойынша қорытынды баспасөз-мәслихатын өткізеді, онда жоба қорытындылары мен ұсыныстары ортаға салынады. Жоба Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Баспасөз-мәслихатына «Қазақстанның Тәуелсіз Ұрпағы» ЖҚБ-тің төрағасы Ұлықбек Тінәлиев пен облыстық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және жастар істері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Әлия Бекқожиева қатысады.
Жоба мақсаты жергілікті деңгейдегі бюджеттің ашықтығына қол жеткізу үшін бюджеттік процестің әртүрлі кезеңдерінде жергілікті өкілетті органдар, ҮЕҰ және БАҚ арасындағы өзара әрекеттесуін бекіту, сонымен қатар, қалалық және облыстық мәслихаттар қызметі туралы азаматтардың хабардарлығын жоғарлату болып табылады. «Қазақстанның Тәуелсіз Ұрпағы» ЖҚБ-нің өкілдері мәслихаттың кезекті және кезектен тыс сессияларына қатысу арқылы шешім қабылдау процесін бақылап, бюджеттік мәселелер бойынша қабылданған шешімдер туралы халық арасында ақпаратты таратты.
«Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» ЖҚБ-нің лидері, Ұлықбек Тінәлиев жоба туралы әңгімелейді: «Жыл бойы жоба аясында белсенді жұмыс жасалып, мәслихат хатшыларымен және мәслихаттар аппаратының басшыларымен бірқатар сындарлы кездесулер жүргізілді, онда біз мәслихаттар ролін жоғарлатудағы өз көзқарасымызды баяндадық және олардың тарапынан түсіністік таптық. Қазіргі сәтте оңды өзгерістерді байқауға болады. Басылымға депутаттар мен мәслихат қызметі туралы барынша мазмұнды мақалалар, үшжылдық кезеңдегі жергілікті бюджет туралы жобаны талқылаулар жиірек шығатын болды. Бұл практика халық қалаулыларының есептілік деңгейіне оңды әсер етуі қажет».
Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңда үкіметтік емес ұйымдар мәслихаттар сессияларына қатысуға құқығы жоқ. Осыған байланысты «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» ЖҚБ мәслихаттардың сессияларын бақылаушылар ретінде азаматтық қоғамның қатысу мүмкіндігін ҚР Парламентінде заңдылық деңгейде қарастыруды ұсынады. Осындай қатысу тікелей және интернет арқылы виртуальды режимде болуы мүмкін.
Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға сәйкес мәслихаттар жергілікті деңгейдегі басқару құрылымындағы маңызды орган болып табылады. Мәслихаттарға жергілікті деңгейдегі 15-тен астам қызмет бекітілген. Соның ішінде бюджетті, оны игеру туралы есепті қарастыру және бекіту, әлеуметтік-экономикалық жоспарларды қабылдау.
Қосымша ақпарат:
Ұлықбек Тінәлиев,
«Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» ЖҚБ төрағасы
Тел.: 7122 32 68 13
Ұялы тел: 701 525 75 40
Эл. пошта: independentgeneration(at)gmail.com
«Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» Жастар қоғамдық бірлестігі туралы
«Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» ЖҚБ өз жұмысын 2005 жылдың ақпанында Атырау қаласында бастады. Өз қызметін құқықтық және экономикалық білімдерді алға жылжыту, жастардың өзін-өзі басқаруын дамыту, жастардың қоғамдық өмірдегі әлеуметтік ролі мен белсенділігін жоғарылату және т.б. салаларда жүзеге асырады. «Атырау аймағының облыстық және қалалық мәслихаттары қызметінің мониторингі» жобасына 2009 жылдың желтоқсанында Сорос-Қазақстан Қорымен қолдау көрсетілді. (егжей-тегжейі www.npk.kz сайтында)
Сорос-Қазақстан Қорының «Мемлекеттік қаржының ашықтығы» бағдарламасы туралы
«Мемлекеттік қаржылардың ашықтығы» бағдарламасы 2004-2009 жж. қызмет атқарған, Сорос-Қазақстан Қорының Kazakhstan Revenue Watch (KRW) бағдарламасы мен «Бюджеттік ашықтық және есептілік» бағдарламасының құқықтық ізбасары болып табылады. 2010 жылдан бастап, екі бағдарлама бір бағдарламаға біріктірілді. Бағдарлама аясында жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім‑шарттар мен лицензиялардан бастап әлеуметтік‑экономикалық даму бағдарламаларын іске асыруға арналған бюджет шығыстарына дейінгі өндіріуші өнеркәсіптен түсетін табысты қалыптастыру мен пайдаланудың бүкіл тізбегінің бойында ашықтық пен есеп берушілікті арттыру мақсатын көздейтін кешенді жобалар іске асырылады (толық ақпарат www.soros.kz, www.budget.kz, www.krw.kz сайтында)