Укажите ваше имя и е-адрес, чтобы подписаться на ежеквартальный бюллетень объявлений |
Русский
English
RSS
2009 жылы «Бюджеттік ашықтық және есеп берушілік» бағдарламасы аясында Сорос-Қазақстан Қоры жаңа мониторингілік «Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын жүзеге асырылуының тиімділігін талдау мен мониторинг өткізу» жобасының бастамасына түрткі болды. Осы жобада 2004-2008 жж. мерзім уақытында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуының салыстырмалы зерттеуі жүзеге асырылған, соның ішінде, облыстық, облыстық мәні бар қалалар және республикалық дәрежеде жастар саясатына қатысты бағдарламалардың іске асырылуына мониторинг, бюджеттік талдау және қоғамдық баға орындалған. Жобаның мақсаты - Қазақстандағы жастар мен жастар ұйымдарының қажеттіліктерін анықтау, қоғамдық жастар ұйымдарының бюджеттік мониторинг пен талдауға белсенді қатысу, сонымен қатар мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру тұжырымдамасы бойынша кепілдемелер мен ұсыныстарды қорытып шығару.