Ұлттық Бюджеттік жүйе жаңа Бюджеттік кодексті толықтыруға ұсыныстар жасауда
26-тамыз, Алматы. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық Бюджеттік жүйе жаңа Бюджеттік кодекс жобасына ұсыныстарды көпшілік назарына ұсынды. Болашақ заңнамалық актіні сараптау барысында қоғамдық ұйымдар өкілдері жаңа Бюджеттік кодекске енгізіліп отырған жаңа тарауларға - бюджеттік бағдарламалардың мониторингы және бағалауына ерекше көңіл бөлді. Бюджеттік процестің ашықтығын арттыруға бағытталған осы жаңа тарауларды, ҮЕҰ-дары өкілдерінің ойынша әлі де күрделі толықтырудан өтуі тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асырудың негізгі қаржылық құралы ретіндегі бюджеттің ашықтығы мемлекеттік шешімдердің ашықтығының басты шарты болып табылады. Қоғамның бюджеттік процестің барлық сатыларына қатысуы бюджеттік қаржының тиімді және дұрыс жұмсалуын, қабылданатын бюджеттік шешімдердің сапасын қадағалауға жағдай туғызады, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырады.
“Алайда, бюджеттік бағдарламалардың мониторингы мен бағалауына тек мемлекеттік органдардың өздері ғана емес, әртүрлі деңгейлердегі бюджеттердің мониторингын өткізу және сараптау саласында тәжірибесі бар, альтернативті, тәуелсіз баға бере алатып қоғамдық ұйымдардың да қатысуы аса маңызды” – деп атап өтті өз өзінде Сорос-Қазақстан Қорының «Бюджеттік ашықтық пен есеп беру» бағдарламасының директоры Бота Аязбаева. Бюджеттік салада қызмет етіп келе жатқан кейбір ҮЕҰ-дардың ңақты ұсыныстары мемлекеттік органдармен қарастырылып, іс жүзінде бюджеттік қаражаттардың жұмсалуының ашықтығы мен тиімділігін арттыруда. Сондықтан да жүйе мүшелері осы тәжірибені заңды түрде бекітіп, бюджеттік бағдарламаларың мониторингын жүзеге асыруда бюджеттік бағдарламалар администраторларымен қатар ҮЕҰ-дар өкілдерін де қатыстыруды ұсынып отыр.
“Сонымен қатар, ашықтық принципін жүзеге асыру мақсатында біз бюджеттік бағдарламаларды бағалау нәтижелерін орталық және жергілікті өкілетті органдар сайттарына орналастыруды ұсынып отырмыз” – деді Қазақстанның Азаматтық Альянсының атқарушы директоры Шолпан Әйтенова.
Аңықтама: үстіміздегі жылдың сәуір айында құрылған Ұлттық Бюджеттік жүйенің басты мақсаты - бюджеттік процестің ашықтығы мен мемлекеттік органдардың қоғамға есеп берушілігін қамтамасыз ету.
Қыркүйек айының басында Бюджеттік кодекс жобасы Парламентте қарастырылады. Кодекс жобасы ағымдағы жылдың аяғына дейін қабылданады деп күтілуде. Қолданымдағы Бюджеттік кодекс 2005 жылы іске қосылып, мемлекеттің фискалды-бюджеттік саясатын жүйелендірудің негізі болды.
_____________________________________________________________________________
Қосымша ақпарат алу үшін Сорос-Қазақстан Қорының «Бюджеттік ашықтық пен есеп беру» бағдарламасының директоры Аязбаева Ботаға (727) 250 38 11 телефоны бойынша хабарласыңыздар.