Пациенттердiң кауiпсiздiгiн қорғайтын уақыт келдi
Алматыда 13-15 қарашада емделушілердің қауіпсіздігі ұстанымын енгізуге және Орталық Азия елдерінде (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан и Монғолия) денсаулық сақтауда емделушілерді орталықтандыру жүйесін енгізуге арналған халықаралық эксперттер тобының кездесуі өтеді.
Аймақтық кездесу, Сорос қорының және «Шығыс-Шығыс: шекарасыз серіктестік» бағдарламасының 18 елде қаржылай демеушілігімен жүзеге асырылып отырған «Шығыс Еуропа және Азия емделушілерінің қауіпсіздігі үшін ұйымының» Халықаралық Ынтасының бір бөлігі. Ынтаның мақсаты - Шығыс Еуропа және Азия елдерінің мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының медициналық қызметтің қауіпсіздігі, сапалылығы және қол жетімдігі, сонымен қатар денсаулық сақтау саласында адам құқығын сақтаудағы күш-қуатын жұмылдыру.
Кездесуде Орталық Азия елдері емделушілерінің қауіпсіздігі бойынша бағдарлама және негізгі үш бағыт бойынша екі жылдық іс-әрекет жоспары талқыланады:
• Орталық Азия елдері емделушілерінің қауіпсіздігі бойынша стандарттарды және клиникалық нұсқаулықтарды жетілдіру;
• Дәрі-дәрмекке қол жетімдікті қамтамасыз ету, фармацевтикалық көмек көрсетуде ауруларды әлеуметтік қорғау тетіктерін жасап енгізу (емделушілердің дәрі-дәрмекке шығарған шығындарын қайтару);
• денсаулық сақтау саласындағы заңдардың емделушілердің сұранысына және халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкестігі.
Азия елдері аумағының аймақтық кездесуінде Польшадан, Болгариядан, Украинадан, Грузиядан және Әзірбайжаннан байқаушы-эксперттер қатысады. Кездесу қорытындысы бойынша серіктес елдер арасында бірігіп қызмет жасау туралы Меморандумға қол қою жоспарлануда.
Кездесуді ұйымдастырушы, емделушілердің құқығын қорғауда мол тәжірибесі бар «Аман-саулық» қоғамдық қоры. Қордың «Жедел телефон» желісі жұмыс істеген 10 айдың ішінде 1386 емделушілер - Алматының тұрғындары телефон шалды. 2008 жылғы қараша айында Сорос-Қазақстан Қорының «ҚР азаматтарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі қаржы мен мемлекеттік саясатты мониторинг жасау» жобасы шеңберінде «Аман-саулық» қоғамдық қоры еліміздің 6 қаласында: Алматы, Атырау, Қараганды, Қызылорда, Петропавловск және Семейде «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жедел телефон» желісін ашты. Тереңірек ақпаратты «Аман-саулық» қоғамдық қорынан немесе Ынтаның сайтынан білуге болады.
«Шығыс Еуропа және Азия емделушілерінің қауіпсіздігі үшін ұйымының» Халықаралық Ынтасының www.ps.medpravo.org, тел.: +38(066)199-97-67 Е-mail: congress@medpravo.org.ua.
«Аман-саулық» ҚҚ, тел.:279-58-63, E-mail: aman-saulyk@mail.ru