Бюллетень

Transparency

Accountability

Justice

Сіз осындасыз: Home » kz » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Мүгедектердің бірлестіктері «Халық денсаулығы туралы» Кодекске түзетулер енгізуді дайындайды

Мүгедектердің бірлестіктері «Халық денсаулығы туралы» Кодекске түзетулер енгізуді дайындайды

8 қазан күні Астана қаласында сағ. 15.00-17.00 аралығында «Абай» қонақ үйінің мәжіліс залында (Астана қ., Республика даңғылы, 33, Абай көшесінің қиылысы) Сорос - Қазақстан Қорының қаржылай қолдау көрсетуімен «Намыс» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі ҚР денсаулық сақтау Министрлігімен бірлесе отырып «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді.

Осы Кодекс жобасын талқылауға Қазақстанның 16 аймақтарынан келген мүгедектер ұйымдарының жетекшілері, Мәжіліс Комитеті және Астана қаласы Мәслихатының депутаттары, денсаулық сақтау Министрлігінің, ЕХӘҚМ жанындағы әлеуметтік қорғауды бақылау жөніндегі Комитеттің, Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының,  әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қызмет көрсету Басқармасының, Астана қаласы денсаулық сақтау Басқармасының өкілдері шақырылды.

«Кодексте халықтың әлеуметтік топтарының мүдделері толық көрсетілмегендікке байланысты қоғамдастықтың пікірін тыңдау қажет болды», - деп түсіндіреді «Намыс» мүгедектер ұйымының төрағасы Қайрат Иманалиев – «Біз халық денсаулығы туралы» Кодекс жобасына өзгертулер мен қосымшалар енгізулер бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдардың мұқтаждықтарын есепке ала отырып, өзіміздің ұсыныстарымызды ел Парламентіне жібердік. Біз осы ұсыныстарымызды қазіргі уақытта Кодекс жобасын қарастырып жатқан Парламент депутаттарының қатысуымен едәуір кең ортада талқылаймыз деп сенім артамыз.

Сорос-Қазақстан Қорының «Құқықтық реформа» бағдарламасының директоры Сәуле Мектепбаеваның пікірінше Кодекс денсаулық сақтауда азаматтардың құқықтарын қорғау жөнінде кепілдікті нақтырақ тұжырымдауы қажет. Осындай кепілдіктер қазіргі нормативтік құқықтық актілерден гөрі көбірек болуы қажет. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселесін шешумен қатар Кодекс дауасыз аурулардан зардап шегетін тұлғаларға уақытша көмекті –медициналық- әлеуметтік көмекті көрсету мәселесіне бір мағыналылықты еңгізуі қажет. Кепілдіксіз және тұрақты бюджеттік қаржыландырумен әзірше өмір сүріп жатқан СПИД –пен ауыратын адамдардың санының өсу болжамына байланысты хоспистердің мемлекеттік қолдауы қажет.
Кодекс жобасына еңгізілген түзетулер қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік оргындардың қарауына жіберіледі.


baner baner baner baner