Баршаға ашық қоғам

«БАРШАҒА АШЫҚ ҚОҒАМ» БАСТАМАСЫ

Мақсаты: менталдық ауытқулары бар адамдардың қоғамнан оқшаусыз  өмір сүру, оқу және жұмыс жасау құқын жүзеге асыру.

Осы мақсат аясында Сорос-Қазақстан қоры:

  • Менталдық ауытқулары бар ересектер мен балалардың құқын қорғау саласында және оларға деген қоғамның көзқарасын өзгертуде жағымды өзгерістерге қолжеткеткізуге талпынады;
  • Менталдық ауытқулары бар адамдардың құқын қорғап, мүддесін алға тартатын серіктестердің жүйесін қолдайды;
  • Менталдық бұзушылықтары бар ересектер мен балаларға баламалы қызмет түрлерін көрсету бойынша жергілікті бастамаларды қолдайды;
  • Денсаулығында менталдық ауытқулары бар балаларға қатысты ҚР инклюзивтік білім беру тұжырымдамасын жылжытады.   

Толық ақпарат алу үшін бастама үйлестірушісі Айнұр Шакеноваға хабарласуыңызды сұраймыз: si@soros.kz