2008 жылғы 14-15 қарашада Revenue Watch Институты (АҚШ) және Сорос-Қазақстан Қоры «Әзірбайжан, Қазақстан мен Ресейдегі мемлекеттік шығындардың тиімділігі» тақырыбымен халықаралық конференция өткізбек.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев қатысып, конференцияның қатысушыларына арнап кіріспе сөз айтады. Пікірталас экономикалық даму саласындағы кеңінен танымал сарапшы профессор Деннис де Трэйдің (АҚШ) сөзінен бастау алады. Сондай ақ мынадай сарапшылар сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр, бұл:
• Карин Лиссакерс, Revenue Watch Институтының директоры, АҚШ,
• Симен Бьорнеруд, Норвегияның қаржы министрлігі, экономика жөніндегі кеңесші
• Жанар Жандосова, «Сандж» зерттеу орталығының президенті, Қазақстан
• Азер Мехтиев, Қоғамдық бастамалар орталығының төрағасы, Әзірбайжан
• Сергей Шишкин, ғылыми бағдарламалардың директоры, э.ғ.д., Тәуелсіз әлеуметтік саясат институты, Ресей
• Шамиль Еникеев, Оксфорд энергетикалық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, Ұлыбритания
Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдардың және даму жөніндегі агенттіктердің, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері шақырылған. Осы ғылыми конференцияның жұмысының нәтижесінде мемлекеттік шығындардың айқындығын жетілдіру және тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныс әзірленеді деп көзделіп отыр.
Конференция Астана қаласы Okan Intercontinental қонақ үйінде, «Стамбул» залында өтеді, басталуы сағат 09.00.
Контакт: Бота Аязбаева, тел: +7 777 220 7894.
####
Revenue Watch Институты (RWI) коммерциялық емес институт әрі донорлық ұйым болып табылады, ол мұнайдан, газдан және басқа табиғи ресурстардан алынатын табыстың жауапкершілікпен басқарылуына және оның қоғамның игілігіне пайдаланылуына септеседі. Табыс осылайша тиімді басқарылатын, оған қоғам қатысатын және шын мәнінде сеп берушілік болған жағдайда, табиғи ресурстардан түсетін табыс елдің дамуына және өсуіне септесуі мүмкін. RWI елдердің бұл мүмкіндіктерді іске асыруы үшін сараптамалық, қаржылық және техникалық қолдау көрсетеді.
Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) Қазақстан Республикасында демократияландыруға және азаматтық қоғамның дамуына ықпалдасатын үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы болып табылады. Елде азаматтық қоғамның әлеуетін нығайта отырып, СҚҚ Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары және жеке адамдар айқындықты, қоғамға есеп берушілікті және құқық жүйесін жетілдіруге жету үшін жүргізетін қоғамдық саясат саласындағы қызметке қолдау көрсетеді.