Бюллетень

Transparency

Accountability

Justice

Сіз осындасыз: Home » kz » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Ақша құмға сіңгендей

Ақша құмға сіңгендей

Қазақстанның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға соңғы 10 жылда мұнай компаниялары жарты миллиард доллардан астам қаражат құйды.
«Ақша құмға сіңгендей…» деректі фильмінің авторлары мұнайлы үш аймақ: Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында материал жинап, толып жатқан интервью өткізіп, осы құйылған қаражаттың жемісі қандай болды деген сауал қояды.

Сорос-Қазақстан Қоры бастамашы болған жоба бойынша Орталық Азиялық стратегиялық басқару лигасының сарапшылық-шығармашылық ұжымы Kazakhstan Revenue Watch бағдарламасының аясында жұмыс істеді.

«Фильм мұнай долларларының құйылуының нәтижесінде Қазақстанның мұнайлы аймақтарындағы халықтың өмірі өзгерген-өзгермегені туралы әңгімелейді. Бұл қаражаттың қомақты бөлігі адамдардың қордаланған әлеуметтік мұқтаждарын өтеуге тиіс болатын», - дейді Орталық Азиялық стратегиялық басқару лигасының директоры Айтолқын Құрманова. «Фильм мұнайшылар қаржыландырған жобалардың және мұнай өндірілетін облыстардың тұрғындарының мұқтаждықтарының арасындағы құрдым шыңырауды паш етеді. Фильмде осы сияқты ең қымбат бес жоба туралы айтылады, олар – Атырау қаласындағы шатырлы жүзу бассейні – 14,5 млн. АҚШ доллары, Жаңаөзен қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені – 14 млн. АҚШ доллары, Атырауды электрлендіру жобасы – 12 млн. АҚШ доллары, Орал қаласындағы Қазақ драма театрының құрылысын салу – 10,5 млн. АҚШ доллары, Құлсары қаласындағы кәсіби-техникалық училищенің құрылысын салу – 9 млн. АҚШ доллары. Өз кезегінде осы қалалардың тұрғындары аталған нысандардың қажет екені туралы өз пікірлерін білдіреді».

Мұнай өндірілетін аймақтардың халқы ластанған экология мен осал инфрақұрылымнан, ауру-сырқаудың жоғары деңгейінен және білім беру ісінің төмен деңгейінен, дамымаған кәсіпкерліктен және еңбекпен қамтылудың аздығынан бұрынғыша зардап шегіп отыр. Осыған қарамастан, мұнайдан алынған қаражатқа маңызы төмен әрі қымбат нысандар тұрғызылуда. «Қаржы-қаражат жағынан жақсы қамтылған аймақтардағы осындай кереғар жағдай орын алған себебі - әлеуметтік жобалар әдетте осы аудандар мен қалалардың тұрғындарымен бірге алдын ала талқыға салынбайды. Осы сияқты жобаларды іске асыру кезінде айқындық болмайды, жергілікті билік орындары тұрғындардың алдында есеп бермейді. Соның нәтижесінде әлеуметтік инвестициялардың елеулі сомалары тиімсіз жұмсалады», – деп түсіндіреді мұны Сорос-Қазақстан Қорының Kazakhstan Revenue Watch бағдарламасының директоры Антон Артемьев.

Аталған мәселелердің бәріне қарамастан, фильмнің авторлары орын алған жағдайдан шығатын жол бар деп санайды. Бұл жол өндіруші өнеркәсіптен түскен кірісті жауапты әрі тиімді басқарудың үш құраласын пайдалануда, олар: айқындық, есеп берушілік және қоғамдық сұхбат.

Фильмде облыстық әкімдіктердің үкіметтік емес ұйымдардың және Agip KCO,  Lukoil Overseas, Теңізшевройл және т.б. компаниялардың өкілдері интервью береді.


baner baner baner baner