Бюллетень

Transparency

Accountability

Justice

Сіз осындасыз: Home » kz » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Журналистер мемлекеттік органдардың веб-сайттарының сапасына талдау жасайды

Журналистер мемлекеттік органдардың веб-сайттарының сапасына талдау жасайды

Алматыда 20 – шы қарашада мемлекеттік орталық органдары веб-сайттарының сапасы алғашқы рет ашық түрде тестіленді. «Медиа-Тестілеу» жобасын жүзеге асырушы Сорос- Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен «MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» Қоғамдық қоры.

 

 

Баға критерийлері – қол жетімдік, көлемі және ақпараттың нақтылығы, сараптаманың болуы, статистика, үнемі сайттың жаңартылып тұруы, тілдік теңдік және  т.б.


Сонымен қатар тестілеудің әдістемесі  мемлекеттік сайттардың стандарттық талаптарын есепке ала отырып өңделген. Бағалаудың субъектілігін азайтып,  репрезентивтік баға берушілердің санын қажет етпейді. Бастысы, ақпараттың басты қолданушылары  журналистер,  мемлекеттік органдардың сайттарын  тестілеуге шақырылды.


Тестілеудің қорытындысы бойынша, «жақсы» және «жаман» деген бағалау арқылы мемлекеттік веб-ресурстарының  көпшілікке арналған рейтингі құрылады. Тестілеу жасанды болмау үшін ашық түрде live-режимінде  жүргізіледі. Веб-сайттарды зерттеу қорытындысы бойынша жақсарту үшін ұсыныстар жасалады және олар жарияланады.


«Жоба аясында бір жарым ай шамасында 70 мемлекеттік орталық веб-ресурстары тестіленеді», деп түсіндірді «MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» Қор директоры, Адиль Джалилов.  «Апта сайын біз БАҚ – на тестілеудің қорытындысы мен жаңартылған рейтингтерді жіберіп отырамыз. Әр аптадағы медиа – тестілеуде барлық журналисттер  қатыса алады. Қорытынды нәтижесі мен рейтингі баспасөзге қаңтар айында ұсынылады».


Жоба ұйымдастырушыларының  ойынша, БАҚ – ның және қоғамның назарын «электрондық үкіметке» қаратып, Қазақстанның ақпараттық  кеңістігінде конструктивті серпін қалыптастыру, ақпарат көзі ретінде  веб- ресурстарды  белсендету.


Ақпарат алу мүмкіндігі бағдарламасының аясында осы және басқа да жобалардың мақсаты  болашақта мемлекеттік органдардың  ашық жұмыс істеуіне әсер ету үшін, мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуға бейімделген.


Жақын арада Қазақстан халқының жартысынан көбі Интренетке қосылуға мүмкіндік алады. Олай болса қазірден бастап тестілеу, зерттеу және кері байланыс қажет. Мемлекеттік веб-саясат жақсару үшін, тұтынушылардың  ойлары мен сұранымдары ескерілуі керек.


Қосымша ақпарат:

Мақпал Абдрахманова, жоба үйлестірушісі
+7(727)2721529, 2616669, +7-7017188508 makpal@medianet.kz

Адиль Джалилов
+7(727)2724829, +7-4444344 adil@medianet.kz


baner baner baner baner