«Халық денсаулығы туралы» Кодексті халық талқылайды
25 шілде күні Алматы қаласында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Сорос - Қазақстан Қорының қаржылай қолдау көрсетуімен «Намыс» мүгедектер қоғамы денсаулық сақтау Басқармасымен бірлесе отырып, осы тыңдауларды өткізуге ұйытқы болды.
«Кодексте халықтың әлеуметтік топтарының мүдделері толық көрсетілмегендікке байланысты қоғамдастықтың пікірін тыңдау қажет болды», - деп түсіндіреді «Намыс» мүгедектер ұйымының төрағасы Қайрат Иманалиев – «Біз мүмкіндігі шектеулі жандардың мұқтаждықтарын есепке ала отырып, «Халық денсаулығы туралы» Кодекске өзгертулер мен қосымшалар енгізуді жөн көрдік».
«Намыс» бастамасына қолдау көрсетуші Сорос-Қазақстан Қорының «Қоғам барлығы үшін» бағдарламасы Қазақстан азаматтары үшін медициналық қызмет көрсету мен құқықтарын қорғауға еркін қол жеткізуге тең құқықтар мен мүмкіншіліктерді алға тартуға бағытталған. «Қазіргі кезеңде Кодекс жобасына түзетулер енгізуге, халықтың түрлі топтарының ұсыныстарының айтылуына мүмкіндік болса, онда осы айтылғандардың жоғарыда отырғандардың құлақтарына жетуіне көп себебін тигізер еді», - дейді Сорос-Қазақстан Қорының бағдарлама үйлестірушісі Сәуле Мектепбаева – «Осыған байланысты адамның негізгі құқығы – медициналық қызмет көрсетуге еркін қол жеткізу және сапалы медициналық қызмет құқығын қорғаудың бірі болып табылатын жоба құжатымен қоғамдастықтың тереңірек танысуына мүмкіндік беретін осы тәріздес қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады».
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін талқылауға мүгедектер ұйымдарымен қатар денсаулық сақтау Басқармасының бөлімдері, медициналық-әлеуметтік сараптама өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының өкілдері және журналистер қатысады.
Қоғамдық тыңдаулар сағ. 10.00 - 13.00 денсаулық сақтау Басқармасы ғимаратында өткізіледі.
Мекен-жайы: Жандосов көш. 6 үй, Манас көш. қиылысы.
Қатысушыларды тіркеуге алу сағ. 9.30-да басталады.
Анықтама телефондары: 229-06-28; 8 701 778 69 39, Иманалиев Қайрат