Біздің команда

Антон Артемьев

Басқарма Төрағасы

Мәскеудегі Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының түлегі, 2009 жылы Эдинбург Бизнес Мектебінің іскерлік әкімшілік саласында диплом алды.

Антон Артемьевтің азаматтық қоғамды дамыту саласында 15 жылдан артық жұмыс тәжірибесі бар. 2004 жылдан бастап Сорос-Қазақстан қорының мемлекеттік қаржы саласындағы ашықтық пен есептілік бағдарламасын басқарды. Бұл уақытта Қор Өндіруші өнеркәсіптер қызметінің ашықтығы бастамасының орындалуына белсенді қолдау көрсетті, сонымен қатар Қазақстандағы алғашқы азаматтық бюджет (бәріне түсінікті бюджет), Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі сынды және т.б. бастамалардың басы қасында жүрді. 

2011 жылдың шілде айынан 2012 жылдың ақпан айына дейін Антон Артемьев СҚҚ-ның Бағдарламалар директоры қызметін атқарды. 2012 жылғы мамарда СҚҚ Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды.

 

Жазу
Жинау

Ирина Кошкина

Басқарма төрағасының орынбасары/ Қаржы директоры

Алматы Халық шаруашылығы Институтының түлегі. Экономика, менеджмент және аудит бойынша болжам жасау қазақ институтының арнайы курстарын тәмамдады. Бірқатар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда жұмыс істеу тәжірибиесі бар. Сорос-Қазақстан қорында 1997 жылдан бастап қызмет атқарады. 2004 жылғы қаңтар айында Сорос-Қазақстан қорының Басқарма Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Жазу
Жинау

Аида Айдарқұлова

Бағдарламалар директоры

Жазу
Жинау

Бота Аязбаева

«Қоғамдық саясат» бастамасының директоры

Ірі трансұлттық компания мен халықаралық даму ұйымындарында жұмыс істеу тәжірибиесі бар. Сорос-Қазақстан қорында жұмысты 2005 жылдан «ҮЕҰ қолдау» бағдарламасының администраторы қызметінен бастады. 2007-2010 жылдары аралығында СҚҚ-ның «Бюджеттің ашықтығы мен есептілігі» бағдарламасының директоры, 2010 – 2012 жылдары СҚҚ-ның қоғаммен байланыс бөлімінің адвокация және үкіметпен байланыс орнату жөніндегі директоры қызметтерін атқарды. 2012-2013 жж Азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі бастаманың директоры қызметін атқара отырып, сонымен қатар Қазақстандағы «Шексіз Шығыс-Шығыс» бағдарламасы жобаларының үйлестірушісі болды.

Жазу
Жинау

Татьяна Власенко

Бас бухгалтер

Алматы ауыл шаруашылығы институтын «экономист», Халықаралық Мәскеу қаржы банктік мектебін «Валютаны реттеу және бақылау» мамандықтары бойынша тәмамдады. Сонымен қатар валютаны реттеу және салық салу бойынша Экономика, менеджмент және аудит бойынша қазақ институтының арнайы курстарын бітірді.

Сорос-Қазақстан қорында 1996 жылдан бері жұмыс істейді.

Жазу
Жинау