Біздің команда

Ирина Животова

Бухгалтер

Мәскеу Саудасы Институтының экономика факультетін тәмамдады.

Коммерциялық және мемлекеттік құрылымдарда бухгалтер қызметінде жұмыс істеді.

Сорос-Қазақстан қорында 2007 жылдан бері жұмыс істейді.

Жазу
Жинау

Әйнел Қайназарова

Қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестіруші

2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдады. Политология магистрі.

2013 жылы  Санкт-Петербург Жоғары Басқару мектебінде PR бағыты бойынша біліктілігін машықтады.

Еңбек жолын 2005 жылы «Мөлдір» ҮЕҰ-нда ақпараттар бөлімінің маманы ретінде бастады. Этно-саяси және гуманитарлық зерттеулер орталығында аналитик, «Vi-ORTIS» консалтингтік қызметтер агенттігінде және «БОТА» ҚҚ редактор қызметтерін атқарды.  

Сорос-Қазақстан қорының ұжымына 2012 жылы қосылды.

 

Жазу
Жинау

Сәуле Каликова

Қоғамдық саясат мәселелері жөніндегі кеңесші

Кәсіби қызметінің әр жылдарда Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері (1978-1991); ҚР Білім және Ғылым министрлігінің білім беруді дамыту стратегиясы департаментінің бас маманы (1991-1993), ҚР Парламентінде білім беру бойынша комитетінің кеңесшісі (1993-1995) қызметтерін атқарды.   ҚР Үкіметіне білім беру секторын реформалау саласында тенхникалық қолдау көрсеткен халықаралық және донорлық ұйымдардың (АБР, ВБ, ПРООН, ЮНЕСКО) жобаларында ұлттық сарапшы ретінде кеңес беру бойынша айтарлықтай тәжірибиесі бар.

ҚР Үкіметіне бағытталған сараптамалық құжаттар мен ұсыныстардың авторы/бірлескен авторы, сондай-ақ, ҚР білім беру саясатының түрлі аспектілерін саралауға арналған бірқатар туындылардың авторы.  

Сорос-Қазақстан қорында 1995 жылдан бері білім беру бағдарламасының үйлестірушісі (1995-1997), білім беру бағдарламасының директоры (1998-2003), білім берусаясатын саралау орталығының директоры (2003-2008), білім беру мәселелері жөніндегі кеңесші (2009-2013) қызметтерін атқарды. Бүгінде қоғамдық саясат мәселелері жөніндегі кеңесші қызметін атқарады.  

Жазу
Жинау

Асқар Көшкінбаев

Ашықтық және есептілік бағдарламасының үйлестірушісі

1999 жылы Ташкент мемлекеттік университетін халықаралық журналистика бағыты бойынша тәмамдаған. 2002 жылы Ұлыбританияның  Ольстер университетінен «Бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеу» мамандығы бойынша магистрлік дәрежесін иеленген.

2002-2007 оқу жылдарында Нөкіс қаласында орналасқан Қарақалпақ мемлекеттік университетінде журналистика пәні оқытушысы болып қызмет атқарған.

2007-2009 жылдары Алматыдағы Еуразия қорында жоба үйлестірушісі болып жұмыс істеген.

2009 жылдан бастап Қордың ашықтық және есептілік бағдары бойынша қызмет атқаруда.

 

Жазу
Жинау

Регина Киреева

Грант менеджер

Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің философия-экономика факультетінің түлегі.

Еуропа комиссиясының құрамында және USAID аймақтық миссиясында қызмет атқарды.

Сорос-Қазақстан қорының ұжымына 2014 жылы қосылды. 

Жазу
Жинау