Біздің команда

Айнұр Шакенова

«Баршаға ашық қоғам» бастамасының үйлестірушісі

Айнұр 2002 жылы Тұран университетінде құқықтану факультетін тәмамдады, ал 2012 жылы Сент-Луис (АҚШ) университетінде құқықтану бойынша магистр дәрежесін алып шықты.

Сорос-Қазақстан қорында 2007 жылдан бастап жұмыс істейді. Эдмунд Маск бағдарламасының стипендиаты (2011-2012 жж, АҚШ).

Жазу
Жинау

Қасымхан Қаппаров

«Ашық экономика» бастамасының үйлестірушісі

Қасымхан Қаппаров Халықаралық Ұлттық қорының шәкіртақылық бағдарламасы бойынша Йокогамо Ұлттық Университетінде МВА дәрежесін және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде экономика бойынша бакалавр және магистр дәрежелерін иемденді. Консалтинг, сарапшылық орталықтарда, үкіметтік мекемелерде және халықаралық компанияларда 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар.

Қаппаров мырза Сорос-Қазақстан қорының «Қоғамдық саясат» бастамасының түлегі. Сонымен қатар, ол Джордж Вашингтон университетінің (АҚШ) Орталық Азия бойынша бағдарламасының ғылыми қызметкері болды. 2017 жылы Қасымхан АҚШ-тағы «Жаһандық экономика» бастамасы аясындағы халықаралық көшбасшылық бағдарламасына Қазақстан атынан қатысты.

2017 жылдан бері Сорос-Қазақстан қорының «Ашық экономика» бастамасының үйлестірушісі қызметін атқарады. 

Жазу
Жинау