Қамқоршылар кеңесі

Наргис Өмірсеріковна Қасенова

Қамқоршылар Кеңесінің Төрағасы, халықаралық политолог, оқытушы

Саяси ғылымдар докторы, магистр және докторлық диссертацияларын Нагой (Жапония) университетінде қорғаған. 2007 ж. қаңтар айынан бастап  ҚМЭБИ Университетінің оқытушысы.

Зерттеушілік қызметі Орталық Азиядағы қауіпсіздік, евразиялық геополитика және энергетикалық қауіпсіздік мәселелерімен байланысты. Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы стратегиясына мониторинг жасаумен айналысатын EUCAM жобасының кеңесшісі.

Жазу
Жинау

Қарлығаш Еженова

«Эксклюзив» журналының шығарушысы

«Панорама» апталығының шолушысы, Алматы қ. әкімдігінің баспасөз хатшысы, ҚР стратегиялық жоспарлау мен реформалар жөніндегі Агенттігінің стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, Golden Eagle Partners компаниясы PR-департаментінің жетекшісі, «East Print» және «Эксклюзив» ЖШС-нің директоры, «Банк ТуранАлем» АҚ-ның бренд-кеңсесінің директоры, директорлар кеңесі аппараты басшысының кеңесшісі,  «БТА Банк» АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

«Свидетели» кітабының авторы, «Қоғамдық-саяси процестердің динамикасы» монографиясының тең авторы, «Қазақстан: экономикалық реформалардың тарихы» кітабының редакторы.

Қарлығаш журналистика саласындағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  екі премиясының,  сондай-ақ Қазақстан журналистер одағы премиясының лауреаты.    

Жазу
Жинау

Жанғазы Каримович Күнсеркін

Тәуелсіз заңгер

Қазақ Мемлекеттік Университеті заң факультетінің түлегі. Дін тұту еркіндігі құқытарын қорғау мәселелері жөніндегі құқық қорғаушы. 1991 жылдан бастап Ақтөбе адвокаттар коллегиясының, 1992 жылдан бастап Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының, ал 1995 жылдан бастап адам құқықтары жөніндегі Алматы Хелскинск комитетінің мүшесі.

1996-1999 жылдары ARD/Chechi жобасында соттық-құқықтық реформаны жылжыту жөніндегі заңгер қызметін атқарды.

Бүгінгі таңда жеке тәжірибемен айналысады. 

Жазу
Жинау

Асия Акишева

«Қазақстан іскері» газетінің бас редакторы.

 «Мемлекеттік тілде ресми журналистиканың дамуы үшін» «RESMI» ИҚҰ  және А. Сарсенбаев (2011 г.) атындағы сыйақыларының иегері.

Жазу
Жинау

Аида Досаева

Тәуелсіз кеңесші

Экономист, АХШИ үздік тәмамдады, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің э.ғ.к., КИМЭП-тің  жалпы коммуникация және халықаралық журналистика саласының магистрі; Алматының бірқатар университеттерінде экономика теориясы мен маркетинг пәндерінен дәріс  оқыды.

1993 жылы алғашқылардың бірі болып Фулбрайт сенаторы атындағы АҚШ үкіметінің стипендиалдық бағдарламасының жеңімпазы атанды. Осы бағдарлама бойынша Аида Кентукки университетінің менеджмент кафедрасында “Cross cultural management” пәнінен дәріс оқыды.

Microsoft, Oracle, Eurasia Foundation  сынды бірқатар шетел және қазақстандық компаниялар мен үкіметтік емес ұйымдарда сату, маркетинг және PR саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. 

2008-2014 жылдар аралығында Аида Досаева Кселл АҚ корпоративтік байланыстар жөніндегі Директор қызметін атқарды. Оның міндеттері аясына компания мен барлық стейкхолдерлер – БАҚ, үкімет, корпоративтік клиенттер, сонымен қатар, компания департаменттері мен ішкі клиенттер арасында корпоративтік байланыстарды қалыптастыру кіретін. Бүгінгі таңда компанияның үкіметпен байланыс жөніндегі тәуелсіз кеңесшісі қызметін атқарады.

 

Жазу
Жинау