Қамқоршылар кеңесі

Дәулет Хамитович Сембаев

Қаржыгер, мемлекеттік қайраткер

Дәулет Хамитович Сембаев – Қазақстан қаржы жүйесінің негізін қалаушылардың бірі.

Дәулет Сембаев ҚР Президентінің алғашқы экономика  бағдарламасының бірлескен автордарының бірі, 1991-1993 жылдары аралығында Үкіметтің вице-премьері қызметінде экономикалық реформаны өткізді, Қазақстанның ұлттық валютаға көшу тұжырымдамасын дайындады әрі оның Республика аймағында таралуына ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы қызметінде тікелей атсалысты.

Кешірек зейнетақы бойынша реформаны дайындау жөніндегі топты басқарды. 1995-1997 жж. ҚР Парламент Сенатының депутаты болды.

«Парасат» орденімен, Еңбек Қызыл Туы және Құрмет белісі сынды ҚР мемлекеттік сыйлықтарының иегері.

1999 және 2011 жылдары аралығында Казкоммерцбанк директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2000-2004 жж. Қазақстан қаржыгерлерінің Қауымдастығын басқарды, 2004 жылдан Қазақстан қаржыгерлерінің Қауымдастығы Кеңесінің құрметті төрағасы.

2009 жылдың желтоқсан айынан бастап Халықаралық бизнес академиясының Қамқоршылар кеңесінің құрамына кіреді.

Жазу
Жинау

Инара Масанова

Алматы облысының адвокаттар алқасының адвокаты.

Инара Масанова 1998-2011 жылдары арасында Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросында заңгер және Адам құқықтары Бюросы қоғамдық палатасының басшысы қызметтерін атқарды. Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының құрылтайшысы болып табылады. 2002 жылы адвокаттық қызметті көрсетуге рұқсат беретін лицензияны алды. 2011 жылдан бастап Алматы облысының адвокаттар алқасының адвокаты болып табылады.  

Жазу
Жинау

Берік Әбдіғалиұлы

Cаяси талдаушы және тәуелсіз зерттеуші.

Берік Әбдіғалиұлы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің түлегі, тарих бакалавры және саясат ғылымының докторы дәрежелеріне ие.

Еңбек жолын ҚР Президенті жанындағы қазақстандық стратегиялық зерттеулер орталығында бастады; түрлі жылдары саяси зерттеулер саласында түрлі басқару қызметтерінде болды, мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры қызметін атқарды;  Қарағанды облысы Ұлытау ауданының, Арқалық және Жезқазған қалаларының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Мемлекеттік қызметте бола тұра, 2012 жылы Берік  Әбдіғалиұлы  Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарды.

Жазу
Жинау

Жұлдыз Смағұлова

Жұлдыз Смағұлова КИМЭП университетінің Тілдер орталығының атқарушы директоры (Алматы, Қазақстан).

Жұлдыз Смағұлова КИМЭП университетінің Тілдер орталығының атқарушы директоры (Алматы, Қазақстан). Ол Лондандағы Кингс-колледжінде доктор дәрежесін алды (Ұлыбритания, 2012), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология ғылымдарының кандидаты (Қазақстан, 2004)

Жұлдыз 20-дан астам мақалалар мен басылымдардың авторы, «Орыс тіліндегі мектептерге арналған қазақ тілі» оқулығы авторларының бірі, 5-сынып (Атамұра, 2015), социолингвистикалық қазақ-орыс сөздігі авторларының бірі (Арман, 2008).
 
оның зерттеулерін төрт негізгі бағытқа жатқызса болады: тілдік идеология, тілдік және танымдық саясат, тіл және сауаттылық, тілдік педагогика.

Жазу
Жинау

Вячеслав Абрамов

Вячеслав Абрамовтың журналистика және азматтық қоғамды дамыту саласында 20 жылдық тәжірибиесі бар.

Вячеслав Абрамовтың журналистика және азматтық қоғамды дамыту саласында 20 жылдық тәжірибиесі бар.  

Ол жергілікті телеарналарда, радио мен ақпараттық агенттіктерде журналист ретінде жұмыс істеді. 2006 жылдан бастап MediaNet мектебінің директоры қызметінде болды. 2010 жылы Қазақстандағы Freedom House өкілеттігінде директордың орынбасары, сосын директор қызметінде жұмыс істеді.

2012 жылы Вячеслав бір топ әріптестерімен Vlast.kz интернет-журналын құрып, оның бас редакторы болып тағайындалды. 

Вячеслав Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, халықаралық журналистика факультетінің түлегі.

Жазу
Жинау