Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) – 1995 жылы «Ашық қоғам» институты тарапынан Қазақстанда ашық қоғам құндылықтарын жылжыту үшін құрылған үкіметтік емес қайырымдылық қоры.

Сорос-Қазақстан қоры бағдарламалар қызметі аясында келесі мәселелерге қолдау көрсетеді:

  • теңдік, әділдік, адам құқықтарын сақтау және заң үстемдігі қағидаларын жылжыту;
  • бюджеттің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету;
  • толеранттылықты және азаматтық белсенділікті арттыру.

Өз мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін СҚҚ Ашық қоғам институты (OSI) және «Ашық қоғам институты» қорынан (FOSI), сонымен қатар өзге де донорлық ұйымдардың гранттарын алады.

Қазақстанда өз қызметін бастаған уақыттан бері СҚҚ ВИЧ/СПИД індеттерінің алдын алу, шетелде оқуға бағытталған стипендиалық бағдарламалар, дебат, сыни тұрғыдан ойлау бойынша білім беру бағдарламалары, мәдениет пен өнерді қолдау сынды кең ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыру үшін шамамен 100 миллионға жуық АҚШ доллары мөлшерінде гранттық қаражат бөлді.