Байқаулар

Анна Александрова атындағы арнайы грант

Жарияланған күні: сейсенбі, 12 мамыр 2015 ж.

Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) қоғамда әлеуметтік әділдік идеяларымен қағидаларын насихаттайтын белсенділерді қолдау мақсатында Анна Александрова атындағы арнайы грант байқауын жариялайды.

Анна Александрова (1976-2011 жж.), халықаралық құқық саласының заңгері, өз өмірін әлеуметтік әділдік қағидаларын насихаттау мен адам құқығын қорғауға арнаған. Мықты көшбасшы, қоғамдық қайраткер және өз ісінің шебері Анна өзекті құқық мәселелерін көтеріп, оларды шешудің жаңа және тиімді әдістерін іздеді. Анна Александрова 2008-2011 жылдары Сорос-Қазақстан Қорының Басқарма төрайымы қызметін атқарды. Оның жетекшілігімен Қор жаңа стратегия қабылдады, оған сәйкес әлеуметтік әділдік пен толеранттылық мәселелері Қор басымдықтарының арасында ерекше орынға ие болды.

Анна Александрова атындағы грант оның бастаған ісін одан әрі жалғастырып, адам құқығы және төзімділікті нығайту саласындағы зерттеу, ақпараттық және қорғаушылық қызметтің іске асырылуына ықпал етуге арналған. Бұл грант инъекциялық есірткіні тұтынушылар, сексуалды азшылық топтар, кәмелетке толмаған заң бұзушылар, тұрғылықты орны жоқ тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғалар тәрізді әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған. Анна Александрова өзінің бүкіл өмірін дәл осы әлеуметтік топтардың мүддесін қорғауға арнаған.

I. Мақсаттары мен міндеттері

Анна Александрова атындағы грантқа арналған байқау (бұдан әрі - «Грант») Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылар Кеңесімен бекітілген арнайы жыл сайын өткізілетін шара болып табылады. Аталмыш грант бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғалар,  инъекциялық есірткіні тұтынушылар, секс қызметкерлері, тұрғылықты орны жоқ тұлғалар, сексуалды азшылық топтар, кәмелетке толмаған заң бұзушылар, мигранттар және т.б. тәрізді әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған.

Міндеттер:

  • Маргиналданған топтардың проблемаларына селқос қарамайтын белсенділердің сарапшылық-зерттеу әлеуетін дамыту және күшейту;
  • әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударту;
  • төзімділікті дамыту ісіне жұртшылықтың қатысу үлесін арттыру.

II. Гранттық байқауға қатысушылар және байқауды өткізу тәртібі

Қатысушылар

Грант жеке және/немесе заңды тұлғаларға бөлінеді. Жеке қатысушылардың жасы – 18 жас және одан жоғары.

Байқаудың басты категориялары:

  1. Зерттеу жобалары
  2. Ақпараттық шаралар

2014 жылғы гранттардың саны – 2 (әрбір санат бойынша біреуден).

Гранттық байқауды өткізу тәртібі

Гранттық байқау екі турға (іріктеу және ақтық) бөлініп өткізіледі. Байқауға қатысу үшін мүдделі тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • түйіндеме
  • белгіленген үлгідегі толтырылған өтінімді
  • жеке тұлғаларға арналған өтінімнің үлгісін хабарландыру соңынан жүктей аласыз
  • ұйымдарға арналған өтінімнің үлгісін мына жерден жүктей аласыз
  • авторлық эссе

Мүдделі тұлға оның кандидатурасын бағалауға көмегін тигізуі мүмкін өзге құжаттарды да ұсына алады.

Бағалау критериі

Іріктеу комиссиясы өтінімдерді келесі критерийлерге негізделе отырып қарайды және бағалайды:

  1. Таңдалған тақырыптың/мәселенің өзектілігі
  2. Тақырыптың/мәселенің негіздемеленуі
  3. Қамту аясы
  4. Жұмыстың әдістемесі
  5. Күтілетін нәтижелер

III Мерзімі және гранттардың сомасы

Өтінімдерді Қорға ұсынудың ақырғы мерзімі - 2015 жылдың 1 тамызы.

Осы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды. Толтырылған өтінімдерді «Анна Александрова атындағы грант» деген белгімен application@soros.kz және sorosapplication@gmail.com мекенжайлары бойынша электрондық пошта арқылы жіберу қажет.

Бір жобаны іске асыруға арналған гранттың ең жоғары сомасы – 900 000 теңге. 

Байқаудың жалпы гранттық қоры 1 800 000 теңгені құрайды.

Жобаларды орындау мерзімі – 3 айдан 10 айға дейін.

Келіп түскен өтінімдер түгелдей тіркеліп және Сорос-Қазақстан қорының Қамқоршылар кеңесімен мұқият қаралатын болады. Қажет болған жағдайда Қор өтінушіден осы байқауға қатысуға қатысы бар қосымша ақпаратты сұратуға құқылы болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда Сорос-Қазақстан Қорының “Адам құқықтары” бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаеваға хабарласуыңызды сұраймыз - hrp@soros.kz , тел. (727) 258-13-54

Тіркелген файлдар