Байқаулар

Сорос-Қазақстан қоры Жаңа азаматтық бастамалар бағдарламасы аясында пилоттық жобалардың байқауын жариялайды

Жарияланған күні: жұма, 14 сәуір 2017 ж.

Жаңа азаматтық бастамалар бағдарламасының мақсаты: түрлі азаматтық қоғам өкілдері арасында ой еркіндігін қорғау, азаматтық қатысуды дамыту, кемсітпеу мен инклюзия қағидаларын жылжыту үшін ынтымақтастықтың жаңа түрлерін қолдау.  

Біз Қазақстанда азаматтық кеңістікті (civicspace) кеңейту және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешу үшін кең СЕРІКТЕСТІККЕ негізделген жобаларды күтеміз. Байқау 2017 жылы екі мәрте өткізіледі: сәуір және мамыр, қазан және қараша айларында.

Қатысу шарттары:

  • Сұарнымдар Алматыдан басқа Қазақстанның барлық қалалары мен аймақтарынан қабылданады.
  • Жобаға қатысатыны туралы алдына ала құпталған серіктестің болуы және олардың жобаға қатысуы міндетті. Ондай құптау болмаған жағдайда, сұраным тіркеуге қабылданбайды.

Әлеуетті серіктестер: БАҚ, сарапшылық қоғамдастықтар, шығармашылық мамандық иелері, блогерлер, ІТ-мамандары, қала белсенділері, диалог алаңдары, қоғамдық ұйымдар, бастама білдіруші бейресми топтар және т.б. 

  • Байқау тақырыптары: ОЙ-ПІКІРДІ БІЛДІРУ ЕРКІНДІГІ (freedom of expression), АЗАМАТТЫҚ ҚАТЫСУ (civic engagement), КЕМСІТПЕУШІЛІК (non-discrimination) және ИНКЛЮЗИЯ (inclusion).
  • Сұранымдарды берудің соңғы мерзімі – 2017 жылғы 26 мамыр (22.00 Астана уақытымен). Осы мерзімнен кешіктіріліп берілген сұранымдар қаралмайды.
  • Жобаның ұзақтығы – 6 айдан 18 айға дейін.
  • Гранттар сомасы – 2 500 000 теңгеден 3 500 000 теңгеге дейін. 2017 жылы 5-7 жобаны қолдау көзделуде.

 

Сұранымдарды беру және қарастыру рәсімдері:

Толтырылған сұранымдарды application@soros.kz және sorosapplication@gmail.com электрондық мекенжайларына «Жаңа азаматтық бастамалар» белгісімен жіберілу керек. Сұраным үлгісін келесі сілтеме арқылы алуға болады: http://www.soros.kz/grants/application_forms Хатта сұраныммен қатар, серіктестердің болуы туралы мәліметті жіберуді ұмытпаңыз.

Барлық тіркелген сұранымдар СҚҚ «Жаңа азаматтық бастамалар» сарапшылар кеңесімен қаралады. Қажет болған жағдайда  Қор сұраным берушіден қосымша мәліметті сұрату құқығына ие. Сұранымдар өңделмейді және қайтарылмайды. Сұраным берушілердің назарына: Қор қабылданбаған сұранымдар туралы түсініктеме бермейді. 

Қосымша мәліметтерді алуға Жаңа азаматтық бастамалар бағдарламасының үйлестірушісі Сәуле Мамаеваға– smamayeva@soros.kzэлектрондық поштасы арқылы немесе +7 (727) 250 38 11 телефоны бойынша хабарласа аласыздар.