Байқаулар

Анна Александрова атындағы арнайы грантқа байқау

Жарияланған күні: сәренбі, 15 наурыз 2017 ж.

Сорос-Қазақстан Қоры  қоғамдағы әлеуметтік әділеттілік қағидалары мен идеяларын ілгерілету жолында жұмыс істеп жүрген адамдарға қолдау көрсету мақсатында Анна Александрова атындағы арнайы грантқа байқау жариялайды.

Анна Александрова (1976-2011жж.), адам құқығын қорғау және әлеуметтік әділеттілік қағидаларын ілгерілету жолына өмірін арнаған, халықаралық құқық саласындағы заңгер. Мықты көшбасшы, қоғамдық қайраткер және өз ісінің кәсіби маманы Анна әлеуметтік әділеттілік пен толеранттылық саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, оларды  шешуде жаңашыл және тиімді тәсілдерді іздестіру  жолында еңбек етті. Анна Александрова 2008-2011 жылдары Сорос-Қазақстан Қоры басқармасының төрайымы болды.   

Анна Александрова атындағы грант оның бастамаларын жалғастыруға, адам құқығы мен толеранттылықты нығайту саласында зерттеу, ақпараттық және адвокациялық іс-шаралардың ықпал етуіне бағытталған. Өзінің бар ғұмырын  Анна әлеуметтік осал топтардың мүдделерін қорғауға арнады.  

I. Мақсаты мен міндеттері

Анна Александрова атындағы грантқа арналған байқау (бұдан әрі - «Грант») Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылар Кеңесімен бекітілген арнайы жыл сайын өткізілетін шара болып табылады. Аталмыш грант бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғалар,  инъекциялық есірткіні тұтынушылар, секс қызметкерлері, тұрғылықты орны жоқ тұлғалар, сексуалды азшылық топтар, кәмелетке толмаған заң бұзушылар, мигранттар және т.б. тәрізді әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған.

Міндеттері:

  • Әлеуметтік осал топтардың шешуге болатын нақты мәселелерін анықтау
  • Анықталған мәселелерді шешуде жоспар құру
  • Әлеуметтік осал топтың мәселелерін шешуде қоғамды тарту
  • Әлеуметтік осал топтың мәселелерін шешуде қоғамның қатысуын ұлғайту.

II. Гранттық байқауды өткізу тәртібі және қатысушылар

Қатысушылар

Грант жеке тұлғаларға және/немесе заңды тұлғаларға бөлінеді. Жеке тұлға ретінде қатысушылардың жасы – 18 жас және одан жоғары.

Байқаудың негізгі санаттары:

  1. Адвокациялық жобалар
  2. Ақпараттық жобалар

Гранттық байқауды өткізу тәртібі

Гранттық байқау екі кезеңнен тұрады (іріктеу және қорытынды). Байқауға қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:  

  • түйіндеме
  • белгіленген үлгіде  толтырылған сұраным
  • Жеке тұлғалар мен ұйымдарға арналған сұранымды мына сілтемеден таба аласыздар

Сұраным беруші тұлға өз кандидатурасына әсер ететін қосымша құжаттары болса, қоса тіркеуіне болады.

Баға беру шаралары

Іріктеу комиссиясы сұранымдарды келесі  талаптар негізінде қарап, бағалайды: 

  1. Таңдалған мәселенің  өзектілігі мен негізділігі
  2. Анықталған әлеуметтік осал топтың  нақты мәселесін шешуге бағытталуы
  3. Таңдалған әлеуметтік осал топтың мәселелерін шешуде қоғамды тарту және ақпараттандыру бойынша  жұмыстарының әдісі
  4. Күтілетін нәтижелер

Гранттың сомасы мен мерзімі

Қорға өтінімді тапсырудың соңғы мерзімі  – 2017 жылғы11сәуір.

Мерзімінен кеш тапсырылған сұранымдар қаралмайды. Толтырылған сұранымдарды «Анна Александрова атындағы грант» белгісімен келесі электрондық мекенжайларға жіберуге болады: application@soros.kz және sorosapplication@gmail.com.

Бір жобаны жүзеге асыру үшін жұмсалатын сома –2  000 000 теңге. 

Жобаны орындау мерзімі – 3 айдан 6 айға дейін.

Қабылданған барлық сұранымдар тіркеліп, Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылар кеңесімен мұқият қаралатын болады. Қажет болған жағдайда, Қор сұраным берушіден осы байқауға қатысы бар қосымша ақпарат сұрауға құқылы.

Байқау туралы сұрақтарыңызбен Сорос-Қазақстан Қорының «Адам құқықтары» бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаеваға хабарласа аласыздар: hrp@soros.kz  тел. (727) 250-38-11.