Байқаулар

«Құқық қорғаушылардың жаңа буыны. 2018 оқу жылы. Қазақ мектебі» байқауы

Жарияланған күні: жұма, 8 желтоқсан 2017 ж.

Сорос-Қазақстан Қоры «Адам құқықтары» бағдарламасының аясында «Құқық қорғаушылардың жаңа буыны. 2018 оқу жылы. Қазақ мектебі» атты жобаға байқау жариялайды

Жоба туралы

«Құқық қорғаушылардың жаңа буыны» жобасының ұзақмерзімді мақсаты - Қазақстанда құқық қорғаушылардың жаңа буынының қалыптасуына көмектесу. Жоба - адам құқықтарын қорғау аясында әр түрлі мониторингтік және заңгерлік жобаларды мемлекеттік тілде дамытып, жүзеге асыра алатын, қазақ тілін еркін меңгерген жастарды дайындауға бағытталған.

Жобаның міндеттері:

· Жас белсенділерді адам құқықтарын қорғауға және олардың әлеуетін арттыруға қызықтыру.

· Жас белсенділерді Әмбебап кезеңдік шолу, БҰҰ-ның келісімді құрылымдарында басқа да ұлттық есеп берулерді халықаралық механизм талаптарына сәйкес дайындауға үйрету және халықаралық адвокациялық алаңдарға қатысуға дайындау.

· Құқық қорғау қозғалысын нығайту мақсатында бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға көмектесу.

Тренингтерді адам құқықтарын қорғау саласындағы қазақстандық екі жетекші сарапшы жүргізеді. Сонымен қатар олар жобаның белсенділеріне алған білімдерін ары қарай пайдалану жолдарын түсіндіріп, көмек көрсетеді, сапалы есепті дайындау кезінде қолғабыс болады.

Жобаның кезеңдері:

Жоба төрт компоненттен тұратын болады: үш тақырыптық тренинг және адвокациялық жоспарлардың ұсынуы. Әр тренингтің аясында түрлі мекемелерге бару мүмкіндігімен қоса, тәжірибелік сабақтар өтеді.

Сорос-Қазақстан Қорының келісуімен жобаның нәтижелеріне сай, аса табысты қатысушылар келесі мүмкіндіктерді иелене алады:

· Мониторингтік немесе адвокациялық жобаларды жүзеге асыруға арналған шағын шәкіртақы;

· Қазақстанда және шетелде адам құқықтарын қорғау және ілгері жылжыту бойынша адвокациялық және пікірталастық алаңдарға қатысу мүмкіндігі;

· Әр түрлі жүмыс топтарының құрамында мониторингтік жобаларға және миссияларға қатысу (сот отырысының, жабық мекемелердің және сайлаулардың мониторингісі);

· Жетекші қазақстандық және шетелдік құқық қорғау ұйымдарында қысқа мерзімді тәжірибеден өту;

· Адам құқықтарын қорғау және насихаттау бойынша, әр түрлі жұмыс топтарына қатысу.

Жобаның жұмыс тілі - қазақ тілі, сонымен қатар, керек кезде орыс және ағылшын тілдерінде оқу материалдары қолданылады.

Байқауға қатысуға келесі тұлғалар шақырылады:

· Қазақстандық мемлекеттік емес ұйымдардың және аналитикалық орталықтардың

қызметкерлері;

· Заңгерлер, адвокаттар

· Азаматтық белсенділер, блогерлер;

· Шетелдік және қазақстандық ЖОО-лардың магистранттары мен PhD ізденушілері.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

· жасының 35-ке дейін болуы;

· қазақ тілін еркін меңгеруі;

· адам құқықтарын қорғау идеясына шынайы қызығушылығы;

· зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдылары;

· құжат жүргізу дағдылары;

· Осыған дейінгі адам құқықтарын қорғау бойынша мониторингке қатысу тәжірибесі, орыс және ағылшын тілін білуі құпталады.

Үміткерлер, Қазақстанда адам құқықтарын қорғаумен айналысатын үкіметтік емес мекемелердің, уәкілі/жұмысшысы/тәжірибеден өтушісі бола алады.

Сұраным келесі мәселелерді қамтуы тиіс:

· «Сұраным беруші жайында мағлұматтың» толтырылған нұсқасы;

· «Мотивациялық хаттың» толтырылған нұсқасы;

· Сұраным берушінің түйіндемесі

Барлық қосымшаларды есептегенде хабарламаның жалпы көлемі 3 мегабайттан аспауы тиіс.

Қорға сұраным берудің соңғы мерзімі – 2018 жылғы 29 қаңтар. (24:00 Астана уақыты бойынша)1.

Қор қатысушылардың оқуға байланысты барлық шығындарын өзі төлейді, атап айтқанда: жолақы, тұрақжай, тамақтану.

Қатысушылар үш кезеңге байланысты анықталады:

· I кезең: байқауға жіберілген сұранымдарды талқылау және іріктеу;

· II кезең: қазылар алқасымен жеке кездесу.

· III кезең: бағыт-бағдар беру бойынша кездесу. Осы кездесудің қорытындысы аясында жобаның қатысушылары анықталады

Үміткерлер байқауға қатыса отыра, келесі мәселелерді ескерулері тиіс: жобаның жүзеге асырылуының барлық уақытында барлық кезеңдеріне қатысатындығын растайды. Жобаның әрбір кезеңінен кейін қатысушылар менторлардың аралық бағалауынан өтеді.

Бағалаудың қорытындысы негізінде қатысушының жобаның келесі кезеңіне өтуі немесе өтпеуі шешіледі.

Жобаны жүзеге асырудың максималды мерзімі - 12 ай.

Қажет болған жағдайда, Қор, сұраным берушіден, осы жобаға қатысты қосымша ақпаратты сұрауға құқылы. Сұранымдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Іріктеуден өтпеген сұранымдар бойынщша Қол ешқандай түсініктемелер бермейді.

СҰРАНЫМДЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ КЕЛЕСІ МЕКЕНЖАЙ БОЙЫНША ЖІБЕРУ ҚАЖЕТ: application@soros.kz және sorosapplication@gmail.com

«Хабарландырудың тақырыбы» жолында «HR_ACTIVIST-2018.KAZAKH SCHOOL» деп көрсетуіңізді сұраймыз.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша «Адам құқықтары» бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаеваға хабарласыңыз - aoshakbayeva@soros.kz тел. (727) 258-13-54 (вн 124).

Тіркелген файлдар