Байқаулар

Қоғамдық саясат саласындағы жас зерттеушілерге арналған байқау

Жарияланған күні: сейсенбі, 7 қараша 2017 ж.

Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) «Қоғамдық саясат» бастамасы шеңберінде қазақстандық жас зерттеушілердің арасында артынша Қазақстан үшін өзекті болып табылатын қоғамдық саясат мәселелер бойынша аналитикалық құжаттарды әзірлеу мен оқыту семинарларына қатысуға арналған байқау жариялайды.

СҚҚ-ның бұл бастамасының мақсаты Қазақстанда жас зерттеушілердің әлеуетін арттыру арқылы қоғамдық саясат саласын дамыту, сондай-ақ қоғамдық диалогқа ықпал ету болып табылады.

Төрт оқыту семинарының аясында жоба қатысушылары алған білімін артынша келесі тақырыптық салалардағы аналитикалық құжаттарды әзірлеуде қолдану үшін мәліметтерді саяси талдау (policy analysis), мәліметтерді визуализациялау және адвокациялық әдістерді әзірлеу бойынша тренингілерден өтеді:

  1. Қазақстандағы шағын жинақты мектеп: әлсіздік әлде ұтымды ерекшелік пе?
  1. Жаңа медиатехнологиялар: қазақстандық БАҚ редакциялары үшін мүмкіндік әлде қиындық па?
  2. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтерге қолжетімділік және теңсіздік мәселесі
  3. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі
  4. Гендерлік теңдік
  5. Әділ сот төрелігіне құқығы, сотта өкілдік ету институты және адвокатураның институционалдық дамуы

Өтінім берушілер жоғарыда келтірілген тақырыптық салалар аясында зерттеменің 2 (екі) нақты тақырыбын таңдауы тиіс.

Қатысушылардың аналитикалық құжаттарды жазуы барысында оларға саласындағы жетекші шетелдік және қазақстандық сарапшылар тренингілер жүргізіп және оларды кеңес берумен сүйемелдеп отырады.

Байқау нәтижесінде жобаның 20 үміткер-қатысушысы іріктеліп алынады. Олар саяси-сараптамалық зерттеу (policy research design) бойынша тренингке қатысып, болашақ жобаның жоспары мен жалпы шеңберін әзірлейді (research proposal). Ең үздік 10 жоспардың авторлары одан кейінгі тренингтерге қатысуға және саяси-сараптамалық зерттеуді (policy study) жүргізуге қатыстырылады.

Жобаның фазалары:

  • 1-фаза: Қатысушыларды іріктеу
    • Жобаның үміткер-қатысушыларын іріктеужелтоқсан 2017 ж.
    • Саяси-сараптамалық зерттеу бойынша тренинг (policy research design) – ақпан 2018 ж.
    • Жоспардың ақтық үлгісі негізінде жобаның 10 қатысушысын таңдау – сәуір 2018 ж.
    • Тәлімгер-сарапшымен бірлесе отырып зерттеудің жоспары мен жалпы шеңберін (research proposal) – ақпан-сәуір 2018 ж.
  • 2-фаза: Зерттеу жүргізу (мәлімет жинау, сараптау, жұмысты аяқтау)
    • Зерттеу жүргізу – сәуір 2018 ж. - ақпан 2019 ж.
    • Сараптамалық құжаттарды жазу (policy writing) бойынша тренинг – шілде 2018 ж.
    • Саяси сараптама (policy analysis) бойынша тренинг және зерттеудің аралық нәтижелерін талқылау – қыркүйек 2018 ж.
    • Мәліметтерді визуализациялау және мақалалар жазу/статистикалық ақпарат көздерімен жұмыс істеу бойынша тренинг – қараша 2018 ж.
    • Зерттеу тақырыбы бойынша мақала жазу
    • Зерттеуді аяқтау, рецензиялау – ақпан-наурыз 2019 ж.
    • зерттеу нәтижелерін таныстыру және ілгері жылжыту – СҚҚ-мен келісе отырып 

 

Байқауға қатыса отырып, үміткерлер жобаның барлық фазаларына толықтай қатысатынын растайтынын ескеруі тиіс.

Жоба шеңберіндегі қызметтің нәтижелері бойынша ең үздік қатысушылар СҚҚ-мен келісе отырып одан әрі кәсіби тұрғыдан даму мүмкіндігіне ие болады.

Байқауға қатысуға шақыртылған тұлғалар:

  • Шетелдік және қазақстандық ЖОО PhD магистранттары мен ізденушілері;
  • Тәуелсіз зерттеушілер;
  • Қазақстанның ғылыми-зерттеу және талдау орталықтарының қызметкерлері.

Өтінім берушілерге қойылатын талаптар:

  • Зерттеу жұмысының тәжірибесі (кем дегенде 3 жыл)
  • Жас мөлшері 36-тен аспауы тиіс
  • Ағылшын тілін білу
  • Ашық қоғамның құндылықтары мен қоғамдық маңызы бар мәселелерді ашық түрде талқылау ұстанымдарына берілгендік.

Байқаудың мерзімі:

Қорға өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі* – 2017 ж. 26 қараша (Астана уақыты бойынша сағат 23:00). Осы мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

Қор қатысушылардың оқумен байланысты, атап айтқанда көлікпен жүру, қонақ үйде тұру, тамақтану бойынша барлық шығындарын төлейді. Қор сонымен қатар әрбір қатысушыға зерттемені жүргізу үшін 400,000 теңге шамасында грант ұсынатын болады. 

*Ескерту: Сорос-Қазақстан қоры осы байқауды өткізу мерзіміне аздаған өзгертулер енгізіп отыруы мүмкін.

Өтінімге қойылатын міндетті талаптар:

Өтінімде келесі пішімдер қамтылуы тиіс:

  1. «Өтінуші туралы мәліметтер» толтырылған пішімі;
  2. «Мотивациялық хат» толтырылған пішімі;
  3. «Зерттемелік қызығушылықтар саласы» толтырылған пішімі;
  4. «Өтінушінің резюмесі» толтырылған пішімі;
  5. Ізденушінің таңдауынша өз зерттемесінің не жарияланымының үлгісі.

Өтінім пішімін хабарлама соңында немесе ppi@soros.kz электрондық поштасына сұрату-хабарлама жіберу арқылы алуға болады.

Қажет болған жағдайда Қор қатысушыдан осы байқауға қатысуға қатысы бар қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.

Өтінімдерге пікірнама жазылмайды және олар қайтарылмайды.

ӨТІНІМДЕРДІ КЕЛЕСІ МЕКЕНЖАЙЛАРҒА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЖІБЕРУ КЕРЕК: sorosapplication@gmail.com және ppi@soros.kz

«Хабарлама тақырыбы» жолында «PPI_Fellowship» деп көрсетуіңізді сұраймыз.

Хабарламаның жалпы салмағы 3 мегабайттан аспауы тиіс.

Өзге кез келген мекенжайларға жіберілген өтінімдер қарастырылуға қабылданбайды.

Барлық сауалдырыңыз бойынша «Қоғамдық саясат» бастамасының директоры Бота Аязбаеваға хабарласуыңызды сұраймыз - bayazbayeva@soros.kz, тел. (727) 250-38-11.