Байқаулар

«Баршаға ашық қоғам» бастамасы аясында жол жүру гранттарының байқауы

Жарияланған күні: дуйсенбі, 5 ақпан 2018 ж.

Сорос-Қазақстан қоры "Баршаға ашық қоғам" бастамасы аясында жол жүру гранттарына байқау жариялайды. Жол жүру гранттары инклюзивті білім беру, институтсыздандыру, баламалы сервистерді құру және денсаулығының менталдық ауытқулары бар ересектер мен балаларды әлеуметтік ықпалдастыру саласындағы іс-шараларға (тренингілер, конференциялар, семинарлар және т.б.) қатысу үшін бөлінеді.

Байқаудың мақсаты: инклюзивті білім беру, институтсыздандыру, баламалы сервистерді құру және денсаулығының ментальді бұзылуы бар ересектер мен балаларды әлеуметтік ықпалдастыру саласындағы қазақстандық мамандарды кәсіби түрде дамыту және сарапшылық әлеуетін арттыру.

Байқаудың міндеттері:

  • Алған білімдерін артынша қазақстандық жағдайға бейімдеумен жоғарыда аталған салалардағы ең үздік практикаларды зерттеу;
  • Бұдан арғы уақытта ынтымақтастық құру және тәжірибемен алмасу үшін кәсіби байланыстарды орнату;
  • денсаулығының ментальді бұзылуы бар ересектер мен балалар мәселесіне көңіл аударту; кәсіби қауымдастықтың, сондай-ақ тұтастай қоғамны инклюзивті білім бру мен әлеуметтік ықпалдастыру мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру;
  • ментальді ауруларға шалдыққан адамдар мен олардың туыстарының өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша білімін көтеру.

Байқауға қатысуға келесі тұлғаларды шақырамыз:

  • білім беру (арнайы және жалпы), денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйесінде жұмыс істейтін мамандар;
  • ҮЕҰ активистері, бастамашыл топтардың өкілдері;
  • Қазақстанның жоғары оқу орындарының PhD магистранттары мен ізденушілері;
  • Ғылыми-зерттеу және талдау орталықтарының қызметкерлері.

Өңірлердегі үміткерлерге көбірек қолдау көрсетіледі.

Сапардың қорытындысы бойынша, қайтып оралғаннан кейінгі екі ай ішінде грант алушы қандай да бір көпшілік алдында іс-шара (баспасөз-брифинг, дөңгелек үстел, конференция және т.б.) өткізуі тиіс. Қор іс-шараны өткізуге жұмсалған шығынды 45 000 теңгеден аспайтын сомада ішінара  өтеп бере алады.

Жол жүру гранты шығындардың келесі баптарын қамтуы мүмкін:

  1. Жол жүру
  2. Тұру
  3. Визалық салық (егер қажет болса)
  4. Сапардың қорытындысы бойынша іс-шараны жүргізу шығыны.

Сапарды қоса қаржыландыру және өтінушінің өз үлесін қосуы құпталады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Жоғарыда аталған салаларда жұмыс істеу тәжірибесі;
  • Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары;
  • Ағылшын тілін білу (егер мұны үміткер қатысып отырған шара қажет ететін болса);
  • инклюзия және әлеуметтік ықпалдастыру ұстанымдарын одан арғы уақытта ілгері жылжыту саласына қатысты қызығушылық таныту және оған дайын болу.

Өтінімдерді ұсыну мен қарастыру рәсімдері

Сұраным үлгісін хабарландырудан кейінгі сілтеме бойынша көшіре аласыздар

Байқау 2018 жылдың 5 ақпанынан бастап 1 желтоқсанға дейін ашық. Өтінімдер шара басталардан кем дегенде 45 күнтізбелік күн (ТМД елдері мен Қазақстан бойынша – 20 күнтізбелік күн бұрын) бұрын ұсынылуы тиіс. Өтінім берушілер өздерін кәсіби тұрғыдан қызықтырып отырған шараларды өздері таңдайда, сапарды ұйымдастыру ісімен (авиабилеттерді сатып алуды санамағанда) өздері айналысады. Толтырылған өтінімдер шараға қатысуға шақыртумен бірге application@soros.kz электрондық мекенжайына жіберілуі тиіс. «Хабарлама тақырыбы/subject» жолында «SII Travel grants» деп көрсетіп қоюыңызды сұраймыз.

Келіп түскен өтінімдердің барлығы Сорос-Қазақстан қоры тіркеп және мұқият қарайтын болады, Қажет болған жағдайда, Қор өтінушіден осы байқауға қатысуға қатысы бар қосымша ақпаратты сұратуға құқылы болады. Өтінімдерге пікірнама берілмейді және олар қайтарылмайды. Қор қабылданбаған өтінімдер бойынша түсіндірме бермейді.

Сауалдарыңыз туындаған жағдайда «Баршаға арналған қоғам» бастамасының үйлестірушісі Айнұр Шәкеноваға ashakenova@soros.kz электрондық поштасы арқылы не болмаса Алматыдағы +7 (727) 250 38 11 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Тіркелген файлдар