Жиі қойылатын сұрақтар

11. Жобаларды жүзеге асыру уақыты бойынша шектеулер бар ма?

Жобаларды жүзеге асыру бойынша шектеулер жоқ. Бәрі нақты жобаның сипатына байланысты, алайда СҚҚ жобаны жүзеге асыру уақытына саналы келуге шақырады. Яғни, уақытын тым қысқартудың, не ұзартудың қажеті жоқ. Себебі бірінші жағдайда жобаны жүзеге асыру сапасына, ал екінші жағдайда бюджеттік артуына алып келуі мүмкін. Грант туралы Шартқа қол қойылғаннан кейін жоба Шартта көрсетілген мерзімдерге сәйкес жүзеге асуы керек.

Жазу
Жинау

12. Қор тарапынан гранттың жобаның мақсаттары мен міндеттеріне жетуін кім қадағалайды?

СҚҚ грантқа мониторинг жасау және бағалау жүйесі дайындалған. СҚҚ гранталушыларға қатысты гранттарға мониторинг жасау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірқатар құрылғыларды қолданады. Оларға грант бойынша есепті тексеру, гранталушы ұйымдарға мониторингтік тексерулер, грант аясында өтетін шараларға қатысу, мақсаттық (жоба индикаторлары) көрсеткіштердің орындалуын тексеру мен бекіту, жоба серіктестері мен бенефициарларынан ақпаратты жинау және өңдеу, жобаны бағалау. Мониторинг және бағалау СҚҚ бекітілген саясат пен рәсімдерге сәйкес жүргізіледі, нәтижелері қызығушылық танытқан тараптарға, соның ішінде гранталушыларға да жеткізіледі. МжБ нәтижесі бойынша СҚҚ берілген гранттың жемістілігі, грант бойынша қызметті жалғастыру қажеттілігін анықтайды.

Жазу
Жинау

13. СҚҚ-ның гранты аясында суб(шағын) грантын бере аламын ба?

Гранталушы Шартты алдын ала келісілмеген жағдайда, грантты үшінші жаққа беруге құқысыз.

Жазу
Жинау

14. СҚҚ гранты аясында қандай шығындар жабылмайды?

СҚҚ гранты аясында қаражатты келесі мақсаттарға жұмсауға болмайды:

  • Көңіл көтеру шаралары, шай-пұл, айыппұл, ішімдік пен темекі өнімдеріне
  • Қарыздарды пайдалану нәтижесінде пайыздар мен комиссияны төлеуге;
  • Қандай да бір саяси кампания және партияның пайдасына;
  • Субгранттарға;
  • Жоба бюджетінде көрсетілмеген өзге шығындар.
  • Ғимраттарды, көлік және қымбат жабдықтарды сатып алуға;
  • Күрделі жөндеу жұмыстарына; 
  • Жеке тұлғаларға қаржылай көмек; 
  • Қымбат шаралар;
  • Лицензиясы жоқ өнімдерді (соның ішінде бағдарламалық), заттар мен материалдарды сатып алуға;

Сонымен қатар, кейбір гранттық шарттар грант қаражатын Қазақстан Республикасы және өзге елдерде нормативтік-құқықтық актілерін өзгерту, жаңа нормативтік-құқықтық актілерді ұсыну, сайлау процесіне әсер ету және т.б осы сынды шектеулер сынды ерекше көрсетілген шектеулерден тұрады. Қол қойғанға дейін гранттық келісімнің мәтінін мұқият оқу керек және одан кейін оның шарттарын орындау керек.   

Жазу
Жинау

15. Грант сұранымымен қатар қолдау хаттарын ұсыну керек пе?

Қолдау хаттарын ұсыну міндетті талап емес, алайда жобаның сипатына байланысты ұсыну қажеттігі орын алуы мүмкін. Егер жобаның орындалуы қандай да бір маңызды серіктестің (мысалы, қандай да бір мемлекеттік орган және/немесе мекеме) қатысуына байланысты болса, осы серіктестен қолдау хатының болуы қаржыландыру мүмкіндігін арттыруы мүмкін. Оның үстіне мақұлданған жобаны грант туралы Шартқа қол қоюға дайындау барысында СҚҚ осындай хаттарды гранттық сұранымда көрсетілген жобаның маңызды серіктестерінен талап етуі мүмкін.

Жазу
Жинау

16. Егер біздің ұйым бір жобаны бірнеше донорлық ұйымдарға жіберген болса, оны СҚҚ-ның гранттық сұранымында көрсету керек пе?

Иә, оны гранттық сұранымның «Өзге көздерден қаржыландыру» атты бөлімінде көрсету қажет. Егер ұйым СҚҚ тарапынан да қолдауға ие болатын жобаны жүзеге асыру үшін тағы да өзге донорлық ұйымнан грант алатын болса, онда ол туралы ашық хабарландыруы қажет. Бұл мәселе бойынша шешім жобаның барлық бүге-шүгесін және ерекшелігін ескере отырып, бөлек қабылданатын болады.    

Жазу
Жинау

17. Бюджеттерде қай валютаны көрсету керек? АҚШ доллары немесе қазақстандық теңге?

Грант сұранымдарындағы бюджет тек Қазақстандық теңгеде көрсетілуі керек.

Жазу
Жинау

18. Қызметкерлерге жалақаны есептеу барысында қандай салық аударымдары есептелуі керек?

«Жалақы» бюджеттік бабын есептеу үшін екі түрлі аударым болуы керек – міндетті зейнетақылық (10%) және әлеуметтік (5%) аударымдар. Сорос-Қазақстан қоры ҚР ресми донор ұйымдарының тізіміне енгізілген, бұл СҚҚ гранталушыларының әлеуметтік салығынан босатылғанын білдіреді. 

Жазу
Жинау

19. Кеңсені жалға алу және/немесе коммуналдық шығындар сынды жанама шығындар қаржыланырылады ма?

Иә, бірақ мұндай шығындар ақылға қонымды әрі Қор жобаларымен қаржыландырылатын жобалармен тең болуы керек. Егер ұйым бірнеше жобаны жүзеге асырса, осындай шығындар барлық жобалар арасында бөлінуі керек. Егер ұйымда басқа жобалар болмаса, СҚҚ ондай шығындардың мөлшері үлкен емес әрі ақылға қонымды болған жағдайда 100% қаржыландыруға дайын. 

Жазу
Жинау

20. Сұраныммен қатар берілетін құжаттарды нотариалды рәсімдекдің қажеті бар ма?

Жоқ, құжаттарды нотариалды растаудың қажеті жоқ.

Жазу
Жинау