Гранттар туралы ереже

Жол жүру грантын ұсыну рәсімі

СҚҚ Қазақстан мен шетелде өтетін шараларға («шаралар» – конференциялар, тренингтер, семинарлар, оқу бағдарламалары, турлар және т.б.) қатысуға арнап жіберіліп отырған тұлғалардың жол жүру шығындарын төлеп отыруы мүмкін.

Жол жүру гранттарын ұсыну шарттары

Қор шараларға қатысуға арнап жол жүру гранттарын төменде көрсетілген шарттар толығымен орындалған жағдайда ғана бөліуі мүмкін:

  1. Өтінім СҚҚ-ның соның стратегиясында бекітілген басымдылыққа ие бағдарламалық жұмыс бағыттары жөніндегі қызметімен тікелей      байланысты болған жағдайда ғана және іріктеу критерийлері ізденушінің  жобаның мақсаттары мен міндеттерін тиімді түрде жүзеге асыра алатындығын анықтауға мүмкіндік беріп отырған жағдайда .
  2. Ізденуші Сарапшылар комитетінің не Қамқоршылар кеңесінің мүшесі болып табылмайды. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Мүдделер қақтығысы жөніндегі саясатты қараңыз.
  3. Өтінімде ізденушінің қызмет атқарған орындары, ресми шақырту, сондай-ақ шарада сөз сөйлеуі жоспарланған жағдайда баяндамасының тезистері (олардың көлемі 2 беттен аспауы тиіс) қамтылуы тиіс.
  4. Жол жүру гранттарын алу мүмкіндігі туралы ақпарат кеңінен таратылуы тиіс (СҚҚ-ның веб-сайты, әлеуметтік желілер, электронды хабарламалар және заңмен тыйым салынбаған өзге тарату әдістері). 
  5. Гранты ұсынудың шарттары гранттық келісімшартта көрсетілуі тиіс.
  6. Шараның қорытындылары бойынша грант алушылардан  шығармашылық және қаржылық есептер алынған болуы тиіс.
  7. Есептер гранттың мақсаттары мен шарттарына сәйкеc болуына қатысты тексеріліп отыруы тиіс.

Ізденушілерді іріктеу процесі

Ізденуші гранттың мақсаттарымен негізделген түрде байланысты болып келетін критерийлерге, соның ішінде сұраным сапасына, әлеуетті Гранталушының біліктілігіне, сұранымның Қор қызметіне қатыстылығына және соның басымдылығына негізделе отырып таңдалуы тиіс.

Ізденуші келесі критерийлерге негізделе отырып таңдалуы мүмкін:

1)  Білікті кандидаттардың тобынан байқау шеңберінде;

2)  Ізденуші шараға қатысу туралы өтінімді өз бетінше ұсынған байқаудан тыс жағдайларда не Қор Қордың қызметімен байланысты шараға қатысуға арнап кандидатураны ұсынған жағдайларда. Мұндай жағдайларда ізденуші Қор үшін басымдылыққа ие болатын салада айрықша біліктілікке не гранттың мақсаттарына қол жеткізу үшін бірегей сараптама мен тәжірибеге ие болуы тиіс.

Қорғажол жүру грантына арнап өтінімді берудің мерзімі шетелдегі шара басталатын күннен кем дегенде 45 (қырық бес) күн бұрын және Қазақстан мен ТМД елдеріндегі  шара басталатын күннен кем дегенде 15 (он бес) күн бұрын. Грант алушыны шараға жіберу туралы шешім қабылдаған кезде заңгерлік қатынастар гранттық келісімшартпен ресімделеді. Грант алушының билеттерді сатып алу туралы өтінімін Гранттар жөніндегі менеджер мен Қаржы директоры электронды түрінде мақұлдайды.

Қаржыландыру туралы шешім қабылдаған жағдайда Қор бағыт алып жүру бағдарын белгілейді, турагенттік арқылы билеттерге алдын-ала тапсырыс беріп және оларды сатып алады. Билетер төлемақы туралы өтінімге (PR) негізделе отырып сатылып алынады. Билеттерге грант алушы тиісті жеріне шара басталатын күннен бұрын (яғни шараға дейін 1 (бір) күн бұрын) жетіп және шарадан кейінгі келесі күні жол жүріп кететіндей етіп тапсырыс берілуі тиіс. Тиісті күні рейс болмаған жағдайда келесі жақын уақыттағы рейске билет алынады. Билет ең арзан трафик бойынша сатып алынуы тиіс. Грант алушының билеттердің күні мен жол жүру бағытын өз бетінше өзгертуге құқы болмайды.

Билеттерді алған кезде грант алушының өзімен бірге кіру визасы мен шетелде болу уақытына арналған халықаралық медициналық полисі болуы тиіс. Билеттер Грант алушыға Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін беріледі.

Негіздеме болған жағдайда жол жүру шығындарымен қоса Сарапшылар комитеті не Қамқоршылар кеңесі қонақ үйде тұру, тамақтану, ұйымдық жарнаны төлеу, виза мен халықаралық медициналық полисті ресімдеу шығындарын өтеу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Гранттық келісімшарт бойынша есептілікті ұсыну үшін билеттің көшірмесін, шығындарды растайтын өзге құжаттарды, сондай-ақ шығармашылық есепті сұрату қажет.