Гранттар туралы ереже

Грант бойынша тауар-материалдық құндылықтарды тапсыру

Гранттық келісімшартпен бірге Тауар-материалдық құндылықтарды тапсыру актісі ресімделеді.

Төмендегідей әдістері қолданылуы мүмкін:

  • СҚҚ-ның балансында көрсетілетін жабдықты тапсыру. Сұрату-хаты түріндегі жабдықты алу туралы өтінімдерді Гранттар жөніндегі менеджер СҚҚ Басқармасының өзін СҚҚ пайдаланбайтын жабдықтың болуы туралы шешім қабылдауынан кейін  жинастырады. Гранттық келісімшартта жабдықтың баланстық құны көрсетіледі.Егер мұндай құны нөлдік болса, онда гранттық келісімшартта берілетін      бірліктерге қатысты арнайы талаптар жинағы мен саны көрсетіледі.
  • СҚҚ-ның мүдделі тұлғаларға таратуға арнап шығарған және/не сатып алған әдебиетті тапсыру. Грантты алу туралы өтінім қажет етілмейді, алайда Бағдарлама бөлімінің қызметкері Грант алушымен әдебиетті алу шарттары мен солардың алуға мүдделі тұлғалардың тобын алдын-ала келісіп алуы тиіс. Грант бойынша есепке әдебиеттер мен Тауар-материалдық құндылықтарды тапсыру актісін алған тұлғалардың тізімі жатады. Гранттық келісімшарт пен Актіде құны мен бағасы көрсетілген тапсырылып отырған кітаптардың барлығы көрсетіледі. СҚҚ-ның балансынан шығынға жазылған әдебиеттер тапсырылып отырған жағдайда оларды құнын көрсетусіз тапсыруға болады.

Арнайы түрде алынған тауар-материалдық құндылықтарды тапсыру. Тапсырудың шарттарын Сарапшылар комитеті және/не Қамқоршылар кеңесі белгілейді.