Гранттар туралы ереже

Сыйақылық гранттар

Шығармашылық байқаулардың жеңімпаздарына гранттар байқау қазылар алқасының шешіміне негізделумен бөлінеді, қазылар алқасының қызметін Сарапшылар комитеті және/не Қамқоршылар кеңесі, сондай-ақ байқауға арнап арнайы түрде құрылған орган атқаруы мүмкін. Қазылар алқасын құру туралы шешім байқаудың шарттарын бекітумен бірге қабылданады. Ізденуші байқауға арналған жұмысын және өзі жайлы қажетті ақпаратты ұсынады. Сыйақылық грант есепті қажет етпейді. Байқаулық жұмыс авторлық туынды болып табылатын жағдайларда келісімшартқа қосымша түрде СҚҚ-ға  Гранталушының туындысын пайдаланудың айрықша емес авторлық құқығын ұсыну туралы келісімге қол қойылады.