Гранттар туралы ереже

Гранттарды беру қағидалары

Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) Гранттарды ашықтық пен әділдік қағидаларына негізделе отырып, СҚҚ-ның гранттар туралы ережесінің, Құрылтайшының саясаттары мен рәсімдерінің және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сүйене отырып ұсынады.

Гранттарды ұсынудың ашықтығы СҚҚ-ның ресми сайтында байқаулардың қорытындыларын жариялау арқылы қамтамасыз етіледі. Бөлінген Гранттар мен жобалар туралы ақпарат, соның ішінде бағдарламалық бағыттар бойынша бөлінген Гранттардың сомасы сонымен қатар СҚҚ-ның Жылдық есебінде жарияланады. Бөлінген Гранттардың бюджеті туралы толық ақпарат СҚҚ-ның ресми сайтында «Гранттар» бөлімінде жарияланады.

Байқаулық гранттардың ұсынудың әділдігі бағдарламаның Сарапшылар комитетінің отырысында Өтінімдер бойынша дауыс беру кезінде Өтінімге Ізденушінің атауын көрсетпеу арқылы қамтамасыз етіледі. Сарапшылар комитеті мүшелерінің есімдері жария етілмейді. Гранттардың ұсыну туралы шешімдер бағалау және/не бағдарлама мен Қордың басымдылықтарына сай болу критерийлеріне негізделе отырып қабылданады.

Гранты ұсыну туралы шешім шығарған кезде және онымен жұмыс істеген кезде мүдделердің қақтығысын ескеру қажет. Егер Ізденуші және/не соның үлестес тұлғасы Қамқоршылар Кеңесінің, Сарапшылар комитетінің мүшесі және/не Қормен үлестес тұлғалардың жақын туыстары болып табылса,Өтінім мүдделер қақтығы рәсімдеріне сәйкес қосымша түрде қаралады.

Бұл жағдайда Грантты бөлу туралы шешімді Құрылтайшы қабылдайды. Егер Ізденуші Сарапшылар комитетінің бірінің мүшесі, оның жақын туыстары және/не сонымен үлестес тұлғалар болып табылса, онда Қамқоршылар кеңесі Грантты бөлу туралы шешімді сұратылып отырған сомаға байланыссыз түрде қабылдайды.

Грант ретінде ұсынылып отырған қаражат саяси партиялардың, кәсіподақ және/не діни ұйымдардың, өзге заңды және/не жеке тұлғалардың саяси және/не діни мақсаттарына арналған қызметін қолдауға арнап жұмсалмауы тиіс.

Өтінімдерді қарау кезінде Ізденушілерге қатысты діни, партиялық, гендерлік және өзге де кемсітушілікке жол берілмейді.

Қор белгіленген үлгі бойынша толтырылған Өтінімдердің барлығын тіркейді. Өтінімдерге пікірнама жазылмайды,олар сақталмайды және Ізденушілерге қайтарылмайды. СҚҚ Өтінімдерді қабылдамау себебі туралы түсіндірме бермейді.