Гранттар туралы ереже

Грантты кері қайтарып алу

Гранты кері қайтарып алудың негіздемелері:

-     Келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамау;

-     Грант алу туралы Сұранымда, сондай-ақ Грант жөніндегі есепте жалған ақпаратты ұсыну;

-     Гранталушының құқықтық мәртебесін өзгерту Келісімшартты орындауға әсер ететін болса, өзгерту енгізу қажет;

-     Гранталушының СҚҚ-ның жақсы атағы мен беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратқаны жайлы фактілердің болуы.

 

Грантты кері қайтарып алу туралы шешімді Қамқоршылар кеңесі тиісті бағдарламаның Сарапшылар комитетінің ұсыныстарына негізделе отырып қабылдайды. Ұсыныстарға Келісімшарттың орындалуы туралы мониторинг есебі мен Гранталушының пікірі қоса тіркеледі.

Грантты кері қайтарып алу туралы шешім жайлы хабарлама Гранталушыға жазбаша түрінде жеткізіледі. Хатта дәл қай қаражаттардың және қандай жолмен СҚҚ-ға қайтарылуы тиіс екендігі туралы көрсетіледі.

Грантты кері қайтарып алу туралы шешім СҚҚ-ның веб-сайтында жарияланады.

Грант кері қайтарылып алған жағдайда не Келісімшарттың орындалу бағасы қанағаттандырарлықсыз болған жағдайда Гранталушы жағымсыз Гранталушылардың тізіміне енгізіледі. Гранталушыны аталмыш тізімге енгізу және одан шығару туралы шешімді Қамқоршылар кеңесі Сарапшылар комитетінің ұсыныстарына негізделе отырып қабылдайды.