Адам құқықтарын қос тілде үйрену
16 қыркүйекте Астанада: ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР-дағы адам құқығы жөніндегі Өкілетті мекеме, «Сорос-Қазақстан» қоры және Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласында білім берудің актуалды проблемалары» тақырыбында конференция өткізді.
Конференция барысында: Қазақстан Республикасында адам құқықтары сласында 2006-2007 жылдарға арналған білім берудің Ұлттық жоспарының жүзеге асуы, сондай-ақ адам құқықтары саласында Дүние жүзі бойынша білім беру бағдарламасының жүзеге асуына қатысты жүйелі шаралар қолдану қажеттілігі талқыланды, ал осы бағдарламаның бірінші этапы (2005-2009) - мектептерде ағарту жұмыстарын жүргізуге арналған.
«Сорос-Қазақстан» қорының «Құқықтық реформа» бағдарламасының директоры Сәуле Мектепбаеваның айтуынша, адам құқықтары саласында білім берудің бұдан арғы шараларын жоспарлағанда, мемлекет оның қазақ тілінде жүзеге асуына көңіл бөлуі керек екен. «Біздің жобалар «адам құқығы» пәнінен сабақ бергенде, қазақ тіліндегі әдістемелік және методологиялық оқу құралдардың жетіспейтіндігін көрсетті. Егер орыс тілінде сабақ өткізетін мұғалімдер Ресей оқу құралдары мен халықаралық ұйымдар шығаратын басылымдарды пайдаланса, қазақтілді оқытушыларда ондай мүмкіндік жоқ. Айта берді, құқыққорғау шарттары мәтіндерінің көбісі қазақ тіліне аударылмаған. Тұтастай алғанда, мамандандырылған құқыққорғау сөздігі де әлі жасалмаған, мұндай проблеманы орыс тіліне де қатысты айтуға болады. Қазақстандағы көптеген құқыққорғаушылар: «адам құқығы ана тілінің құрамдас бөлігіне айналмайынша, мұндай идеяларды терең түсіну мүмкін емес» деген сенімде»,- деді С. Мектепбаева.
Конференцияда мектепте адам құқықтарының сақталуына ерекше көңіл бөлінді. ҚР мектептерінің бастамашылар Ассоциациясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі Рафаэль Дауытбаев конференция барысында өзінің фильмінің тұсаукесерін өткізді. Онда ол қазіргі мектептерде екі қарама-қарсы тенденция бар екені атап көрсетті: бір жағынан, тұлғаның дамуының жоғары деңгейі туралы айтылса, екінші жағынан, әлеуметтік алшақтылық көрсетіледі, нақты айтсақ, мектеп оқушыларының арасында кең тараған: адамның қадір-қасиетіне құрмет көрсетпеу және оқушылардың төбелесі мен басқа да адам қасиетін қорлайтын іс-әрекеттерді ұялы телефондарымен sms-хабарлар ретінде жіберудің кең құлаш жайғаны сөз болды. «Мектептегі ахуал - «адам құқығы» пәнінің бар екеніне қарағанда, білім беру процесінде баланың құқығы сақтала ма, адамның жеке тұлға ретіндегі қадір-қасиетін оқушыға күн сайын мектеп сыныбында, дәлізде «сіңдіре» ме, - мәселе осыларға көбірек байланысты», - деп түсіндіреді Адам құқықтары мен заңдылықты сақталу жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюроның ақпараттық-білім беру орталығының жетекшісі Роза Ақылбекова.
Басқосу аяқталған соң, конференция, негізінен, ҚР Білім және ғылым министрлігіне арнаған қарар қабылдады. Онда: Министрлік Адам құқықтары сласында 2006-2007 жылдарға арналған білім берудің Ұлттық жоспарын орындау қорытындысы туралы қоғамға ақпарат беруін сұраған, сондай-ақ басталған жұмысты үзбей жалғастыруды қолдауға арналған Жаңа жоспар құрып және оны қабылдауды ұсынған. Сонымен бірге оқыту процесінде қазақстандық сарапшылар «Сорос-Қазақстан» қоры жариалаған «Адам құқықтары саласында білім беруді мемлекеттік тілде дамыту» конкурсы шеңберінде жасалған қазақ тіліндегі әдістемелік материалдарды пайдалануды ұсынған.