• Кіру
  • RSS
  • Байланысу
  • Сайт картасы
  • Бастапқы
[Skip Header and Navigation] [Jump to Main Content]
Бастапқы
Ашықтық Есеп берушілік Әділдік

Languages

  • Қаз Қаз
  • Рус Рус

               

Primary Links

  • Біз туралы
  • Бағдарламалар
  • Гранттар
  • Хабарландырулар
  • Басылымдар
  • Сарапшылар
  • Галерея
  • Баспасөз орталығы
  • Хабарландырулар
    • Сайыстар
      • Сайыс нәтижелері
    • Вакансиялар
    • Тендерлер

Алдағы оқиғалар

  • "InternetCA- 2012" форумы(9 сағат)
  • Еріктілермен нәтижелі жұмыс істеу және жобаларды басқару бойынша тренерлер мектебi(1 күн)
  • "Қазып шығаратын өнеркәсібінің есеп берушілігі мен басқаруы" дөңгелек үстелі(10 күн)
  • SICamp CA: Орталық Азиядағы Әлеуметтiк Инновациялар Лагерi 2012(13 күн)
Add to iCalendar
Басқа оқиғалар
Мемлекеттік қаржы Сарапшылар Жастар бастамалары ҮЕҰ Тендерлер Вакансиялар Бақылау Құқықтық реформа Бюджеттік ашықтық Видео БАҚ қолдау Шығыс Шығыс Бағдарламалар Галерея Гранттар СҚҚ Тренинг Сайыс Басылымдар Оқиға
Бастапқы » Сорос-Қазақстан Қоры әлеуметтік зерттеулер саласындағы жастар бастамаларының сайысын өткізеді

Сорос-Қазақстан Қоры әлеуметтік зерттеулер саласындағы жастар бастамаларының сайысын өткізеді

manager 13 Ақпан, 2012 - 16:18 жариялады
Due Date: 
08.04.2012

 

Сорос-Қазақстан Қорының «Жастар бастамалары» бағдарламасы жастардың зерттеу жұмыстарын жүргізуі бойынша сайыс жариялайды.

Конкурстың мақсаттары:

  • Қазақстан жастарына түйінді мәселелерді дербес анықтап, оларға жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік биліктің назарын аударуға мүмкіндік беру;
  • ҮЕҰ және мемлекеттік органдарға ұсыныстамалар беру арқылы жастардың елдегі қоғамдық өмірге атсалысу деңгейін жоғарылату;
  • пәрменді шешімдер ұсына отырып, жастарды түйінді мәселелерді шешуге ұмтылуға ынталандыру;
  • жастардың зерттеу жүргізу саласындағы біліктілігін көтеру және өз еңбектерінің нәтижелерін қорғау машықтарын иеленуіне жәрдемдесу.

Төмендегі салалардағы әлеуметтік зерттеулерге басымдық беріледі:адам құқықтары, азаматтық білім беру, қоғамдық денсаулық сақтау, мәдениет пен өнер, жастар мәдениеті, экология, толеранттық және қоғамдағы сан алуандық.

Кім қатыса алады:

  • 18 және 35 жас аралығындағы жастар
  • Өтінім берушілердің барлығы Қазақстан Республикасында тұруға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін төмендегілер қажет:

  • Зерттеу жоспарын әзірлеу
  • Өтінімді толтыру (өтінім пішінін жүктеу)
  • Түйіндемені қоса тіркеу.

Өтінімдерді іріктеу өлшемдері:

  1. Тақырыптың өзектілігі
  2. Зерттелетін тақырыпта құзырлы болу
  3. Зерттеу әдістемесі
  4. Зерттеу нәтижелерін пайдалану/қолдану перспективалары

Өтінімдерге рецензия берілмейді және қайтарылмайды.Өтінім берушілердің назарына: Қор қабылданбаған өтінімдерге қатысты түсіндірме бермейді.

Мерзімдер және гранттардың сомалары:

  • Өтінімдерді беруге болатын ең соңғы мерзім – 2012 жылғы 8 сәуір (Астана уақыты бойынша 18.00).Осы мерзімнен кейін түскен өтінімдер қарастырылмайды.Толтырылған өтінімдерді электрондық пошта арқылы application@soros.kz мекенжайына, «2999_Жас зерттеушілер» деген белгі соғып жолдау керек.
  • Бір жобаны іске асыруға берілетін гранттың ең үлкен сомасы – 500 000 теңге.  Конкурстың жалпы қоры 3 000 000 теңгені құрайды.
  • Жобаларды орындау мерзімі – 4 айға дейін.
  • Қор құрал-жабдық сатып алуға жұмсалатын шығыстардың орнын толтырмайды (қажет болған жағдайда жалға алуға рұқсат етіледі).
  • Қаламақылар гранттың бүкіл сомасының 50 %-ынан аспауға тиіс.

Жіберілген барлық өтінімдерді Сорос-Қазақстан Қорының «Жастар бастамалары» бағдарламасының Сараптық комитеті тіркейді және мұқият қарастырады.Қажет болған жағдайда, өтінім берушіден аталған конкурсқа қатысуға қатысы бар қосымша ақпаратты сұрату құқығын Қор өзінде қалдырады.


Гранттарды алушы жеңімпаздар үшін зерттеу әдістері бойынша тренинг өткізіледі.Тренинг барысында қатысушылардың әрқайсысымен зерттеу жобасын пысықтау бойынша жеке дара жұмыс жүргізіледі.Тренингге қатысу міндетті шарт болып табылады.Тренинг өткізілетін болжамды мерзім – 2012 жылғы мамыр айының соңы.Сонымен қатар әрбір жас зерттеушіде жоба іске асырылатын бүкіл мерзім ішінде әдістеме бойынша әлеуметтанушы сарапшылардан кеңестеме алу мүмкіндігі болады.

Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша жас зерттеушілер өз еңбектерін презентациялау мақсатында баспасөз хабарламасы, дөңгелек үстел, ашық талқылау және т.с.с. пішімде жария іс-шара өткізуге тиіс болады.

Сұрақтарыңыз болса, бағдарламаның үйлестірушісі Сәуле Мейірмановаға smeirmanova@soros.kz электрондық поштасы немесе +7 (727) 250 38 11 телефоны арқылы хабарласыңыз.

AttachmentSize
Өтінім пішіні61.5 KB
Tweet

Сорос - Қазақстан Қоры
Желтоқсан көшесі 111а, офис 9, Алматы, Қазақстан, 050000
Тел.: +7 727 250 3811, 258 1354
Факс: +7 727 250 3814
E-mail: sfk@soros.kz

[Jump to Top] [Jump to Main Content]