Сайыстың қорытындыларын осы жерден таба аласыз
Сені өзің өмір сүретін қоғамның тағдыры, еліңнің болшағы толғандыра ма?
Әділетсіздік пен әлеуметтік селқостықтан шаршадың ба?
Әлемге айтатының бар ма?
Онда өз киноңды түсір!
Сорос-Қазақстан Қорының «Жастар бастамалары» бағдарламасы жастардың арасында қысқа метражды кинофильмдер (әлеуметтік, көркемсуретті, деректі немесе анимациялық) сайысын жариялайды.
Бастау тарихы
Қатарынан екі жыл бойы жас жігіттер мен қыздар әлеуметтік роликтер түсіріп, оларды біздің «Көзіңді аш!»[1]атты конкурсымызға жолдады. 20 шақты ролик аймақтық телеарналарда көрсетілді, қазір оларды Алматы қаласының қоғамдық көлігі мен экрандарынан көруге болады. Сыбайлас жемқорлық, жұмысқа орналасу мәселелерінен бастап қоршаған ортаны қорғау мен отаншылдыққа дейінгі сан алуан тақырыптар жастарды толғандырып, жұртшылықтың назарын аударады. Биыл біз сендерге өз мүмкіндіктеріңді кеңейтіп, қысқа метражды фильм түсіру арқылы айналадағы әлемге деген өз көзқарастарыңды танытуды ұсынамыз.
Қысқа метражды кино (қысқа метр, фр Court métrage) – кинематографтың қысқа метражды фильм өнерін зерделейтін тарауы. Қысқа метражды фильмнің әдеттегі ұзақтығы 10—20 минут, әдетте 40—50 минуттан аспайды. Бастапқыда бүкіл ойын кинематографы қысқа метражды болған.
Конкурстың мақсаттары:
Фильмнің тақырыптары
Тақырыптық жағынан басым бағыттар:
Егер сені осы осы тізімге кірмеген басқа тақырып толғандыратын болса, талабыңа нұр жаусын!
Өтінім беруге қойылатын талаптар:
Болашақ киноның сюжетінің ұзақтығы 10 минуттан 20 минутқа дейін болуға тиіс
Бюджет 1 500 000 теңгеден аспауға тиіс.
Фильмді шығару мерзімі –2 айдан аспайды
Кім қатыса алады:
Конкурсқа қатысу үшін төмендегілер қажет:
Жіберілген барлық өтінімдерді Сорос-Қазақстан Қорының «Жастар бастамалары» бағдарламасының Сараптық комитеті тіркейді және мұқият қарастырады.Қажет болған жағдайда, өтінім берушіден аталған конкурсқа қатысуға қатысы бар қосымша ақпаратты сұрату құқығын Қор өзінде қалдырады.
Іріктеу өлшемдері:
Өтінімдерге сын пікір берілмейді және қайтарылмайды.Өтінім берушілердің назарына: Қор қабылданбаған өтінімдерге қатысты түсіндірме бермейді.
Сұрақтарыңыз болған жағдайда, бағдарламаның үйлестірушісі Сәуле Мейірмановаға smeirmanova@soros.kz электрондық поштасы немесе +7 (727) 2503811 телефоны арқылы хабарласыңыз.
Өтінім берушілердің назарына қосымша:
Бұл – дайын фильмдерді емес, жаңа әлеуметтік қысқа метражды фильмдерді жасау бойынша идеялар конкурсы.Бұрын түсірілген фильмдер конкурсқа қатысу үшін тіркелмейді.
Жеңімпаздардың әрқайсысымен ұсынылған идеяны тәптіштеп, өз киносын түсіру үшін қажетті кәсіби машықтарын жетілдіру бойынша мастер класс өткізіледі.
Түпкілікті өнімге, мысалы, дайын бейнефильмнің күйі мен пішіміне, оның ажыратылымдығына, авторлық музыкалық материалдың пайдаланылуына және тағы басқаларына қойылатын талаптар конкурстың жеңімпаздарымен бөлек талқыланады.
Жұмыс қорытындысы бойынша конкурстың жеңімпаздары дайын фильмнің тұсаукесерін жасап, сұратылатын бюджетке сәйкес қаржылық есеп тапсырады.
[1]Жеңімпаздардың материалдарымен http://www.youtube.com/websfk сілтемесі арқылы өтіп танысуға болады.
[2]Жұмыспен қамтылу және мансап, елдің өміріне қатысу, волонтерлік іс, отбасы, өзін болмысын білдіру, мүмкіндіктері шектеулі өмір, қоғамдағы орны, білім лу мүмкіндігі, білім алу және студенттік өмір сапасы
Сорос - Қазақстан Қоры
Желтоқсан көшесі 111а, офис 9, Алматы, Қазақстан, 050000
Тел.: +7 727 250 3811, 258 1354
Факс: +7 727 250 3814
E-mail: sfk@soros.kz
