• Кіру
  • RSS
  • Байланысу
  • Сайт картасы
  • Бастапқы
[Skip Header and Navigation] [Jump to Main Content]
Бастапқы
Ашықтық Есеп берушілік Әділдік

Languages

  • Қаз Қаз
  • Рус Рус

               

Primary Links

  • Біз туралы
  • Бағдарламалар
  • Гранттар
  • Хабарландырулар
  • Басылымдар
  • Сарапшылар
  • Галерея
  • Баспасөз орталығы
  • Хабарландырулар
    • Сайыстар
      • Сайыс нәтижелері
    • Вакансиялар
    • Тендерлер

Алдағы оқиғалар

  • "InternetCA- 2012" форумы(9 сағат)
  • Еріктілермен нәтижелі жұмыс істеу және жобаларды басқару бойынша тренерлер мектебi(1 күн)
  • "Қазып шығаратын өнеркәсібінің есеп берушілігі мен басқаруы" дөңгелек үстелі(10 күн)
  • SICamp CA: Орталық Азиядағы Әлеуметтiк Инновациялар Лагерi 2012(13 күн)
Add to iCalendar
Басқа оқиғалар
ҮЕҰ СҚҚ Мемлекеттік қаржы Сарапшылар БАҚ қолдау Бағдарламалар Бақылау Видео Жастар бастамалары Оқиға Құқықтық реформа Тренинг Шығыс Шығыс Тендерлер Вакансиялар Бюджеттік ашықтық Басылымдар Сайыс Гранттар Галерея
Бастапқы » Social Innovation Camp (SICamp) Орталық Азия өткізу бойынша сайыс

Social Innovation Camp (SICamp) Орталық Азия өткізу бойынша сайыс

manager 13 Ақпан, 2012 - 16:03 жариялады
Due Date: 
20.03.2012

 

Сорос – Қазақстан Қоры «Жастар бастамалары» бағдарламасының шеңберінде қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар мен қауымдастықтардың, іс-шаралар өткізу жөніндегі агенттіктердің арасында 2012 жылғы көктемде Алматы қаласында SICamp өткізу (басқару, логистика, бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернетте насихаттау) бойынша сайыс жариялайды.

SICamp деген не?

Social Innovation Camp - SICamp (Әлеуметтік Зерттеулер Лагері) бағдарламалық өнімнен бастап бизнес-үлгілерге дейін – Web-бағдарлы әлеуметтік инновациялар жасау үшін адамдарды, идеялар мен сандық құралдарды біріктіреді. Осының бәрі 4 күндік іс-шара барысында орын алады. SICamp пішімі Еуропада әлеуметтік мәселелерді шешудің тәсілдемесін өзгертті, енді ол Орта Азияға да келді.

SICamp-2012 біздің аймақтағы әлеуметтік түйінді мәселелерді шешуге бағытталған ең озық жобаларды жасау, әзірлеу мен іріктеу үшін Орталық Азиядағы ең үздік бағдарламашыларды, дизайнерлерді, Интернет-жобалардың жетекшілерін конкурстық негізде жинайды. Қатысушылардың болжамды саны – шамамен 70 адам.

SICamp-2012 Сорос – Қазақстан Қоры «Жастар бастамалары» бағдарламасымен және  Transitions Online (TOL)[1]ұйымымен бірлесіп өткізіледі. Олар іс-шараның пішімінің сақталуын, оның мазмұны мен бағдарламасын қамтамасыз етеді.

 

I.  Өтінімде төмендегілер болуға тиіс:

  • бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу жоспары, Интернетте насихаттау;
  • халықаралық іс-шаралар өткізудегі ұйымдастырушылық тәжірибесі;
  • жобаның күнтізбелік жоспары;
  • егжей-тегжейлі бюджет (Қырғызстаннан, Тәжікстаннан келетін қатысушылардың көлікке жұмсалған шығыстарын және веб-торап шығыстарын қоспағанда).

Өтінім пішінін осы сілтеме бойынша алуға болады

 

II. Өтінімдерді бағалау өлшемдері:

  • болжамды шығындар мен күтілетін нәтижелер арасындағы оңтайлы арақатынас;
  • өтінім берушінің жобаны орындау үшін жеткілікті басқарушылық әлеуеті, кәсіпқой құзырлығы мен біліктілігі, сондай-ақ техникалық мүмкіндіктері болуға тиіс;
  • жоба еріктілерді тартады және жаңа технологияларға қол жеткізеді;
  • іс-шараға шығармашылық тұрғыдан келу, оны өткізу бойынша ұсыныстар енгізу.

 

III. Мерзімдер және гранттардың сомалары

  • Өтінімдерді беруге болатын ең соңғы мерзім – 2012 жылғы 20 наурыз (Астана уақыты бойынша 00.00). Осы мерзімнен кейін түскен өтінімдер қарастырылмайды.
  • Гранттың ең үлкен сомасы – 4 500 000 АҚШ теңгеден аспауға тиіс.
  • Жобаны іске асырудың болжамды мерзімі – 1 айдан аспайды, SiCamp’12 іс-шарасын өткізу – 2012 жылғы мамыр айының ортасы.

 

IV. Өтінімдерді беру рәсімі

Жіберілген барлық өтінімдерді Сорос-Қазақстан Қорының «Жастар бастамалары» бағдарламасының Сараптық комитеті тіркейді және мұқият қарастырады. Қажет болған жағдайда, өтінім берушіден аталған конкурсқа қатысуға қатысы бар қосымша ақпаратты сұрату құқығын Қор өзінде қалдырады.

Толтырылған өтінімдерді application@soros.kz  электрондық мекенжайына, «2998_SiCamp» деген белгі соғып жіберу керек

Өтінімдерге рецензия берілмейді және қайтарылмайды. Өтінім берушілердің назарына: Қор қабылданбаған өтінімдерге қатысты түсіндірме бермейді.

Сұрақтар туындаған жағдайда, бағдарламаның үйлестірушісі Сәуле Мейірмановаға smeirmanova@soros.kz электрондық поштасы немесе +7 (727) 250 38 11 телефоны арқылы хабарласыңыз.


Іс-шара туралы толығырақ мәлімет

 

SICamp деген НЕ:

- SICamp – әлеуметтік инновациялар лагері

- SICamp – бұл дарынды әзірлеушілердің, дизайнерлердің, әлеуметтік жаңашылдар мен белсенділердің желісі

- SICamp – Интернетті және тиісті технологияларды өмір сапасын жақсарту үшін, айналадағы қоғамдағы оңды өзгерістерге ықпал ету үшін пайдалану.

- SICamp – нақты әлеуметтік түйінді мәселелердің негізіндегі пәрменді веб-шешімдер, жұмыс істейтін жобалар мен технологиялар

- SICamp қатысушылары өздерінің жобаларының сөзсіз иеленушілері мен авторлары болып табылады және өз жобаларын бұдан былай да ілгерілетіп, дамыта алады

 

SICamp деген НЕ ЕМЕС:

- SICamp – Barcamp емес

- SICamp – конференция емес

- SICamp – конференция [емес] емес

- SICamp – блогерлер мен дизайнерлердің веб-тораптарды әзірлеуге, сондай-ақ ҮЕҰ мен қайырымдылық идеяларын фандрейзингілеуге арналған қауымдасуы емес

- SICamp – үкіметтер мен партиялар үшін веб-тораптар әзірлеу бойынша конференция емес

- SICamp – кәсіпкерлік қарыз немесе ақша табу  мүмкіндігі емес

- SICamp ұйымдастырушылары ешқашан да идеяларды иеленушілер болып табылмайды және қабылданған идеялардың көмегімен ақша таппайды

 

Сұрақтар мен жауаптар

Қысқаша айтқанда, біздің іздегеніміз кім?

Іс-шара бойынша әкімшілік жұмыспен айналысатын, атап айтқанда, іс-шараны бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернетте насихаттауды, қатысушыларды тасымалдауды, іс-шара кезінде қатысушылардың тұрғын жайы, тамақтану және техникалық қолдау көрсету мәселелерін қамтамасыз ететін, бағдарлама мен TOL қызметкерлерімен қоян-қолтық жұмыс істейтін, іс-шараның пішімімен және т.с.с. танысатын ұйым.

Қысқаша айтқанда, бұл ұйым не үшін керек?

Халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізу бойынша бірегей тәжірибе жинақтау, өзінің ұйымын насихаттау, кәсіптік жағынан даму, түрлі елдерден келген толып жатқан сарапшылармен танысу және т.с.с.


[1]Transitions (TOL) – Еуропаның және бұрынғы Кеңес Одағының коммунистік дәуірден кейінгі елдерінде бұқаралық ақпарат құралдарының, жаңа медиа технологиялардың кәсіпқойлығын, тәуелсіздігі мен ықпалын жоғарылату мақсатында құрылған бейкоммерциялық ұйым. http://www.tol.org

AttachmentSize
Өтінім пішіні91.5 KB
Tweet

Сорос - Қазақстан Қоры
Желтоқсан көшесі 111а, офис 9, Алматы, Қазақстан, 050000
Тел.: +7 727 250 3811, 258 1354
Факс: +7 727 250 3814
E-mail: sfk@soros.kz

[Jump to Top] [Jump to Main Content]