• Кіру
  • RSS
  • Байланысу
  • Сайт картасы
  • Бастапқы
[Skip Header and Navigation] [Jump to Main Content]
Бастапқы
Ашықтық Есеп берушілік Әділдік

Languages

  • Қаз Қаз
  • Рус Рус
  • Eng Eng

               

Primary Links

  • Біз туралы
  • Бағдарламалар
  • Гранттар
  • Хабарландырулар
  • Басылымдар
  • Сарапшылар
  • Галерея
  • Баспасөз орталығы

Мұрағат

  • Мамыр 2012 (1)
  • Сәуір 2012 (1)
  • Наурыз 2012 (2)
  • Ақпан 2012 (1)
  • Қаңтар 2012 (1)
  • Желтоқсан 2011 (1)
  • Қазан 2011 (3)
  • Тамыз 2011 (1)
  • Шілде 2011 (1)
  • Маусым 2011 (2)
  • 1
  • 2
  • келесі ›
  • соңғы »

Алдағы оқиғалар

  • "InternetCA- 2012" форумы(9 сағат)
  • Еріктілермен нәтижелі жұмыс істеу және жобаларды басқару бойынша тренерлер мектебi(1 күн)
  • "Қазып шығаратын өнеркәсібінің есеп берушілігі мен басқаруы" дөңгелек үстелі(10 күн)
  • SICamp CA: Орталық Азиядағы Әлеуметтiк Инновациялар Лагерi 2012(13 күн)
Add to iCalendar
Басқа оқиғалар
Оқиға Сарапшылар Басылымдар Бақылау Видео Бағдарламалар Тренинг БАҚ қолдау Мемлекеттік қаржы Құқықтық реформа Гранттар Галерея Вакансиялар Тендерлер Бюджеттік ашықтық Жастар бастамалары Шығыс Шығыс СҚҚ ҮЕҰ Сайыс
Бастапқы » Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылық кеңесінің 2011 жылғы 28-желтоқсан күні ҚР Парламенті Сенатының «Телерадиохабар тарату туралы» Заңды қабылдауына қатысты мәлімдемесі

Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылық кеңесінің 2011 жылғы 28-желтоқсан күні ҚР Парламенті Сенатының «Телерадиохабар тарату туралы» Заңды қабылдауына қатысты мәлімдемесі

manager 12 Қаңтар, 2012 - 12:11 жариялады

2012 жылғы 11-қаңтар - Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылық кеңесі 2011 жылғы 28-желтоқсанкүні ҚР Парламенті Сенатының «Телерадиохабар тарату туралы» Заңды қабылдауына байланысты алаңдаушылық білдіреді.

Өкінішке орай, «Телерадиохабар тарату туралы» Заңның ақырғы нұсқасында Қазақстанның қоғамдық және басқа ұйымдарының, соның ішінде ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі жанындағы жұмыс топтарының отырыстарына қатысқан ұйымдардың маңызды ескертулері есепке алынбаған.

Аталған құжатта сондай-ақ өздерінің сараптамалық қорытындыларында  Заң мәтінінің Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келмейтінін атап көрсеткен ЕҚЫҰ сөз бостандығы жөніндегі Өкілінің, ARTICLE 19 ұйымының ұсыныстары мен сын-пікірі назарға алынбаған.

Заңның осы нұсқасы отандық телерадиохабар тарату ісінің дамуына ықпалдаспайтыны айқын. Себебі ол нарықты жаба отырып, бәсекелестік өрісті күрт тарылтады, мемлекет тарапынан жасалатын қысымды күшейтіп,  сыбайлас жемқорлық қылмыстың орын алуына мүмкіндік туғызады.

Ал заңның міндеттерінің бірі ретінде мәлімденген теледидардағы зиянды мазмұнға қарсы күрес қолданыстағы заңнаманың шеңберінде едәуір пәрменді түрде жүргізіліп келеді.

Біз отандық медиа-нарықтың табысты дамуы тек жұртшылықтың белсене қатысуымен жүзеге асырылатын либералды заңнама шеңберіндегі ашық тең құқылы бәсекелестік ортада ғана мүмкін екендігіне кәміл сенеміз.

Сорос-Қазақстан Қоры ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның қоғамдық ұйымдарының және еліміздің медиа-жұртшылығының ұстанатын тұрғысын қолдап, «Телерадиохабар тарату туралы» Заңға вето салуға шақырады.

Tweet

  • Пікір жазу үшін сайтқа кіріңіз

Сорос - Қазақстан Қоры
Желтоқсан көшесі 111а, офис 9, Алматы, Қазақстан, 050000
Тел.: +7 727 250 3811, 258 1354
Факс: +7 727 250 3814
E-mail: sfk@soros.kz

[Jump to Top] [Jump to Main Content]