АЛМАТЫ, 2011 жылғы 1-шілде - «Жастар бастамалары және БАҚ-ты қолдау» бағдарламасы 1- шілдеден бастап қайта құрылып, «БАҚ-ты қолдау» және «Жастар бастамалары» атты екі бөлек бағдарлама болып бөлінді.Мұндай шешімді бағдарламаның жастарға қатысты бағытының пилоттық құралас ретіндегі жұмысын бағалау нәтижесінде СҚҚ Қамқоршылық кеңесі қабылдады.
Сорос-Қазақстан Қоры жастардың тікелей қажеттіліктері мен мүдделерін негізге алып, оларға жаңа идеяларды өткізушілер әрі өзекті мәселелерді талқылауға жұртшылықты белсенді түрде тарту жолындағы серіктестер ретінде бағдар ала отырып, елде жастармен жан-жақты жұмыс істей бастаған алғашқы донор болды.«Жастар бастамалары» бағдарламасының мұраты Қазақстан жастарының толерантты әрі азаматтық тұрғыдан белсенді қоғамға ілгерілеу үдерісіне қатысуына септесу болып табылады.2010 жылы бағдарламаның шеңберінде іске асырылған ең бір танымал жобалар – мектеп оқушыларының арасында азаматтық білімді дамыту жөніндегі «Азамат» жобасы, «Әрекеттен», «Жас зерттеушілер» атты шағын гранттар, жастардың «ZhasCamp – 2010» бейресми конференциясы, «Жақсылық аптасы» акциясы, «Көзіңді аш» атты әлеуметтік роликтер конкурсы.
«БАҚ-ты қолдау» бағдарламасының негізі 1996 жылы құрылған еді.«БАҚ-ты қолдау» бағдарламасы қызмет атқарған 15 жыл ішінде Сорос-Қазақстан Қоры журналистерді, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын кәсіби тұрғыдан дамытуға және Қазақстанда сөз бостандығын насихаттайтын қоғамық ұйымдардың қызметіне қолдау көрсетуге 4 миллионнан астам АҚШ долларын жұмсады.Бағдарламаның мұраты Қазақстанда плюрализмді, төзімділікті және сөз бостандығын ілгерілету мақсатында медиа-қоғамдастықтардың әлеуетін нығайту болып табылады.