
Соңғы бірнеше ай бойы ол ауыр дертке бой салмай, ақтық деміне дейін қызметінен қол үзген емес.
Біз оның қайратты рухы және ашық қоғам мұраттары мен ортақ іске берілгендігіне бас иеміз. Ол әділеттілікке ынтықтығы мен дүниені игілікке өзгерту әркімнің өз еншісінде екендігіне кәміл сенімі қайран қалдыратын.
Аннаның өмірге деген құштарлығы мен еңбексүйгіштігі бәрімізге күш беріп, алға жетелейтін. Біздің жадымызда ол әркез кеңпейіл, қайырымды, жас та болса, жаңа бастамаларға толы жігерлі адам болып қала бермек.
Сорос-Қазақстан Қорының ұжымы