Бюллетень

Transparency

Accountability

Justice

Сіз осындасыз: Home » kz » Бағдарламалар » Жастар бастамаларын және БАҚ-ты қолдау » БАҚ-ты қолдау

БАҚ-ты қолдау

Миссиясы

 

Елде сөз бостандығы қағидаларын алға жылжыту жолымен ақпаратқа бірдей қол жеткізуді, ой‑пікірін еркін білдіру құқығын қамтамасыз ету.

 

Мақсаттары

  • БАҚ‑та және қоғамда пікірлерді еркін және теңгерімді білдіру үшін жағдай жасау
  • Сапалы ақпаратқа қол жеткізілуін жақсарту
  • БАҚ‑ты реттейтін заңнаманы жақсарту

 

Қызметінің бағыттары

  1. Журналистік ҮЕҰ‑дарға қолдау көрсету
  2. Медиа заңнамасын жетілдіру және ырықтандыру
  3. Журналистерді оқыту
  4. Журналистерді құқықтық жағынан қорғау
  5. Медиа зерттеу және талдама

 

2010 жылдағы басымдықтары

  • Елде сөз бостандығы қағидаларын алға жылжытуды мақсат тұтатын журналистік ҮЕҰ‑дарға қолдау көрсету. Жобалардың ішінде: ақпараттық саясат саласындағы мемлекеттік тапсырысқа мониторинг жасау, БАҚ‑тың өзін‑өзі реттеуі мәселелері бойынша пікірталастарды дамыту.
  • Қазақстандық ҮЕҰ‑дармен бірлесе отырып Интернетті реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру. Қазақстанның Ұлттық телерадиохабар таратушылары қауымдастығымен бірлесе отырып цифрлық пішімде хабар таратуға ауысумен байланысты құжаттарды талқылауға азаматтық сектордың қатысуын арттыру. Экономикалық және әлеуметтік проблемаларды көтеретін журналистердің кәсіби деңгейін арттыру жолымен халықтың сапалы ақпаратқа қол жеткізуін жақсарту, журналистік зерттеудің машықтары мен әдістемелерін дамыту, сондай‑ақ 2010 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ‑ға төрағалық етуін тиімді көрсетуге септесу.
  • Журналистерді қорғау жағынан жәрдемдесу -  жас заңгерлерді медиа құқық саласында мамандануға ынталандыру, осы орайда оларға біліктілігін арттыруға көмектесу және жұмыстарын көтермелеу, сондай‑ақ әріптес ұйымдар арқылы тегін заңгерлік көмек беру.

 

Конкурстан тыс гранттарға өтінімдер

Жеке тұлғалар гранттары өтінім формаларын МЫНА жерден ала аласыз

Заңды тұлғалар гранттары өтінім формаларын МЫНА жерден ала аласыз

Сапар гранттары өтінім формаларын МЫНА жерден ала аласыз

 

 

Байланыс ақпараты

«Жастар бастамаларын және БАҚ-ты қолдау» бағдарламасының қызметі туралы мәселелер бойынша бағдарлама менеджері Айжамал Дуйшебаеваға хабарласыңыз.

 

Қазақстан, 050000 Алматы, Желтоқсан көшесі, 111a, 9-оф.

Тел.: +7 727 250 38 11

Факс: +7 727 250 38 14

Э-пошта: yms(at)soros.kz

www.soros.kz
www.krw.kz
www.budget.kz

 


baner baner baner baner